Қоғамдық тыңдау жиынының шешімі

Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округіне қарасты Бақанас ауылының оңтүстік-шығысында  орналасқан атауы жоқ 1-ші, 2-ші және 3-ші көшелерге атау беру мақсатында 2022 жылдың 12-ші қыркүйегінде тұрғындардың жалпы жиналысы өтіп, оған барлығы 62 адам қатысты. Жиынның қорытындысы бойынша  Бақанас ауылының оңтүстік-шығыс жағында орналсқан, атауы  жоқ 1-ші көшеге Алтынбаев Сейткерім, 2-ші көшеге Сейдахмет Әбдірасылұлы, 3-ші көшеге Әбдіқай Нәзтаев атауларын беру жөнінде шешім қабылданып, облыстық ономастика комиссиясына жолданды.

 

Бақанас ауылдық округі әкімінің аппараты.

Жарияланған күні

17 қыркүйек 2022

Жаңарту күні

17 қыркүйек 2022