Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады.

Баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақстандықтар енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген ХҚО-ға жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша ХҚО-ға жүгіну – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты талаптарының бірі болған. Жәрдемақыны ХҚО арқылы рәсімдеу үшін жеке куәлік, баланың (балалардың) туу туралы куәлігі, неке куәлігі, банк шоты туралы анықтама қажет.

Жарияланған күні

28 қыркүйек 2021

Жаңарту күні

28 қыркүйек 2021