Хабарлама

Хабарландыру

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 8-тармағының, 1), 2)-тармақшаларына сәйкес, 2021 жылғы 3 мамыр күні сағат 11-00-де Қарой ауылдық мәдениет үйінде Қарой ауылының орталығында жаңадан салынған саябаққа атау беру туралы мәселе қаралатындығын хабарлаймыз:

Қарой ауылдық әкімшілігі.

 

Қосымша мәлімет

Досболов Садық  1924  жылы Алматы  облысы,  Балқаш  ауданы,  Жаңатоған  ауыл советіне  қарасты Қарлыбай деген  жерде дүниеге келген.

«Үлгілі» орта  мектебінің  7 сыныбын  бітіріп,  кейіннен арнаулы  орта    білім  алған.

Ұлы  Отан  соғысына  17  жасында  аттанып,  1941  жылдың қазан  айынан  №158  гвардиялық атқыштар полкінде,   1942  жылдың  тамыз  айына дейін курсант, кейін №1230 гвардиялық атқыштар полкында 122 мм,  1038 артиллериялық полкында 152 мм гаубица бөлімінде командир болып  жауға  қарсы соғысқан.

Отан  қорғау  жолында  Германия  басқыншыларына қарсы  күрестегі ерен  ерліктері үшін  ІІ-ші  және  ІІІ-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.

Туған  жерге аман-есен оралғаннан  кейін колхоз-совхозда  есепші,       ферма меңгерушісі  болып  еңбек етіп, 1981  жылы дүниеден өтті.

 

 

Жарияланған күні

02 сәуір 2021

Жаңарту күні

02 сәуір 2021