ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ Балқаш ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
«БЕКІТЕМІН»
Аудан әкімі
_______________А.Құтпанбетов
« » 2026 ж.
ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
Балқаш ауданы әкімдігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Орындау мерзімі |
Жауаптылар |
|
1 |
Нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарға ревизия жүргізіп, екіұшты түсіндіруге жол беретін ережелерді анықтау және оларға тиісті өзгерістер енгізу.
|
2026ж қараша айының 30 на дейін |
Мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері
|
|
2 |
Жер мәселелері бойынша қабылданатын шешімдердің негізділігін тексеру тетігін әзірлеу және енгізу. Бұл ретте жер учаскелерін беру және оларды беруден бас тарту негіздерін құжаттамалық тұрғыдан тіркеуді қамтамасыз ету.
|
2026ж қараша айының 30 на дейін |
Мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері
|
|
3 |
Жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары бойынша орындалған жұмыстардың нақты көлемі мен сапасын қабылдау актілеріне қол қойылғанға және ақы төленгенге дейін тексеру тәртібін әзірлеу және бекіту. |
2026ж қараша айының 30 на дейін |
Мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері
|
|
4 |
Мүдделер қақтығысын анықтау, құжаттау және реттеу жөніндегі ішкі тәртіпті әзірлеу және бекіту. Бұл ретте басшылықты хабардар ету және мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдау тәртібін айқындау.
|
2026ж қараша айының 30 на дейін |
Мемлекеттік мекеме, кәсіпорын басшылары, қала, ауылдық округ әкімдері
|
28 қазан 2026
28 қазан 2026