№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысы негізінде Алматы облысы Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
- Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан бастап 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
- Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Балқаш ауданының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Д. Садыкбаев
Хатшы В. Мешитбаева
Бақанас ауылы,
2024 жылғы 11 қазан
№ 41
16