Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5–тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 тіркелген) сәйкес Балқаш ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Балқаш ауданының жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
- Қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ.Ақылбековке жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ.Тоқпеисов
5
11 мамыр 2023 11:18
11 мамыр 2023