Балқаш ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
|
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БАЛҚАШ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ |
АКИМАТ БАЛХАШСКОГО РАЙОНА АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ |
ҚАУЛЫ № ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Бақанас ауылы село Баканас
Балқаш ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзі-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Балқаш ауданының аумағында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 1 шақырымға 6 (алты) теңге 10 (он) тиын мөлшерінде белгіленсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғшқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ғ. Тоқпейісов
19
20 сәуір 2023 10:33
20 сәуір 2023