Алматы қаласы әкімі аппаратының идеологиялық жұмыс бөлімінің бас инспектор - кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Алматы қаласы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, комиссия отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз  ету.  Комиссияның  құжаттамасын  жүргізу,  шешімдер  мен хаттамалар жобаларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылау. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша талдамалық және ақпараттық материалдар дайындау, комиссия мүшелері мен өзге де органдардан келіп түскен ақпаратты жинақтау. Өз құзыреті шегінде азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштерін қарау. Комиссияның орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау мекемелерімен, құқық қорғау органдарымен және басқа да мүдделі ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу. Қаралған істерді есепке алу, комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау және әкімнің орынбасарына – комиссия төрағасына есептер ұсыну. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әкім аппаратының қызметкерлеріне және құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету. Алматы қаласында идеологиялық жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу. Идеологиялық жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысты қалалық жол карталарын, іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Басшылық үшін идеологиялық жұмыс саласында ақпараттық-талдамалық материалдар дайындау. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Премьер-Министр Кеңсесімен, орталық мемлекеттік және өзге де органдармен тапсырмалардың орындалуы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.06.2026 – 01.07.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

03.07.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30