Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Философия
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Журналистика
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шараларды үйлестіру саласында Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтарының, қаулыларының, басқа да заңнамалық актілерінің, Алматы қаласы әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуына мониторингті және басшылықты жүзеге асыру;

Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі бөлімдердің жұмыстарына басшылық жасау;

Азаматтардың өтініштерін қарау және оларды құзыреті шегінде қабылдау; Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің, аппарат басшысының тапсырмаларын орындау бойынша анықтамалар, ақпараттар, талдамалық материалдар дайындау процесінде барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

Азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, ұйымдастырушылық- практикалық іс-шаралар арқылы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету;

Консультативтік кеңес беру алаңдарын кеңейту және жетілдіру арқылы сенім деңгейін арттыру және қоғам мен билік мүдделерін үйлестіру;

Тиімді өзара іс қимыл жасау және азаматтық қоғам институттары мен қоғамдық пікір көшбасшыларының рөлін күшейту арқылы мемлекеттік органдардың халықтың қоғамдық сауалдарына ден қою жүйесін жетілдіру; Үкіметтік емес ұйымдардың  өз қызметі туралы мәліметтерді  ҮЕҰ Дерекқорына ұсынуына мониторинг жүргізу;

Азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, ұйымдастырушылық- практикалық іс-шаралар арқылы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету;

Әлеуметтенуге мұқтаж азаматтарды ұйымдастырушылық, консультациялық- әдістемелік, ақпараттық қолдау бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру; Мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам және бизнес институттарымен өзара іс-қимылы бойынша бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде үшжақты құжаттарды әзірлеу және іске асыру, ұсыныстар енгізу;

Қызметі қоғам мен биліктің мүдделерін келісуге бағытталған консультативтік-кеңесші органдарды құру және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

Үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да азаматтық қоғам институттарының құзыреттері мен дағдыларын арттыру үшін жағдайлар жасау;

Жергілікті билік органдары мен аудандық құрылымдардың, ақпараттық- түсіндіру топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының және жұртшылықтың өкілдерін қала тұрғындары арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын түсіндіру жөніндегі жұмысқа тарту; Қазақстандық қоғам үшін дәстүрлі құндылықтарды халық арасында ілгерілету, азаматтардың патриоттық сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігін нығайту бойынша ақпараттық шаралар кешенін ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін дәріптеу, мемлекеттік рәміздерді пайдалануды ретке келтіруді ұйымдастыру және бақылау;

Қала аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің пайдаланылуына (белгіленуіне, орналастырылуына) бақылауды жүзеге асыру;

Әлеуметтенуге мұқтаж азаматтарды ұйымдастырушылық, консультациялық- әдістемелік ақпараттық қолдау бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру; Мемлекеттік қызметке кіру және өту рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;

Басқарма қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту, сондай-ақ оның орындалуын бақылау;

Басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен танысуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді қабылдауын қамтамасыз ету; Басқарма басшысының, оның ішінде жұмысқа қабылдау, лауазымға тағайында іссапарлар, демалыс туралы бұйрықтарының, сондай-ақ басшының өзге де бұйрықтарының ресімделуін және тиісінше орындалуын қамтамасыз ету;

Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған конкурстар, әдеби оқулар, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, әлеуметтік зерттеулер және басқа да мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

Қазақ тілінің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін, қоғамның барлықсаласында кеңінен қолданылуын қамтамасыз ету және Алматы қаласы мемлекеттік органдары мен мекемелерінің жалпы құжат айналымындағы қазақ тілінде ресімделген құжаттардың үлесін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының Алматықаласы бойынша аумақтық бөлімшелерінің және олардың ведомстволарының, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органдарының және аудан әкімі аппараттарының Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

Маңдайшалар мен сыртқы жарнама эскиздерінің мемлекеттік тілдегімәтіндеріне келісім беру, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы туралы арыздар мен шағымдар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Алматы қаласы ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету, қаланың құрамдас бөліктеріне және мемлекеттік меншіктегі объектілерге атау беру, қайта атау және жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер мен жиындарға немесе отырыстарға, дөңгелек үстелдерге қатысу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 08.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

09.06.2026 – 11.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

15.06.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30