Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
592937
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Алматы қаласы әкімінің қаулылары мен өкімдерінің, аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, байланыс, бюджетке салықтар мен төлемдер түсімдері, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, сондай-ақ Қызмет көрсету салалары мәселелері жөніндегі шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету. Болжамды көрсеткіштердің, сондай-ақ салық түсімдері мен бюджетке төленетін төлемдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Өнеркәсіп өнімін шығару көлеміне, оның ішінде қазақстандық мазмұнмен талдау жүргізу, экономика салалары бойынша инфляциялық процесті қадағалау. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Келіп түскен хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды және орындауды қамтамасыз ету, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізу. Меншік нысанына қарамастан өнеркәсіптік және көлік кәсіпорындарының, шағын, орта және ірі бизнес субъектілерінің қызметін үйлестіру. Жаңа жұмыс орындарын құру бойынша өндіріс және көрсетілетін қызметтер көлеміне, жаңа өндірістік желілерді енгізуге немесе ескілерін қалпына келтіруге, шығарылатын өнімнің ассортиментін кеңейтуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мониторинг жүргізу. Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің қызметіне басшылықты жүзеге асыру, жұмыс нәтижелерін талдау, бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету. Аудан әкімінің мәслихат аппараттарымен, қала әкімімен, қалалық атқарушы органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару бөлімшелерімен мемлекеттік- құқықтық жұмыс бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілеріне, аудан әкімінің актілеріне мониторинг жүргізуге жәрдемдесу. Қажет болған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстардың жобаларын дайындау. Аудан әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу, олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне құқықтық сараптама жүргізу. Бостандық ауданы бойынша Алматы қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс- қимылға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабтың төрағасы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 29.05.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30