Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі

Функционалды міндеттер

Алматы қаласы әкімінің, Алматы қалалық Маслихатының қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асырады. Бөлім дайындаған материалдардың сапасына, бөлімге берілген тапсырмалардың орындалуына жеке жауап береді, бөлім мамандары арасында міндеттерді бөледі, еңбек және орындау тәртібін қадағалайды, мамандардың кәсіби деңгейін жетілдіру мен еңбек қызметі үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған шаралар қабылдайды. Алмалы ауданы әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау барысында олардың заңдылығын бақылайды және нормативтік құқықтық актілердің жемқорлыққа қарсы сараптамасын жүргізеді. Аудан аумағындағы құқықтық тәртіпті қорғау, қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру бойынша құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Қылмыстық жағдай, құрылымы мен динамикасына талдау жасайды, оның себебін анықтайды, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде іс шаралар әзірлейді. Жемқорлыққа қарсы күрес, ішкі істер органдарының құқық қорғау жұмыстарын күшейту, нашақорлыққа қарсы күрес сұрақтары бойынша іс-шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Құқық қорғау жұмыстары және құқықтық тәртіпті күшейту мәселелері бойынша түскен Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметінің нормативтік актілерінің, Қазақстан Республикасының Заңдарының, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларының, Алматы қаласы әкімінің шешімдерінің, Алматы қаласы мәслихатының шешімдерінің жүйелеуді, есебін және сақталуын қамтамасыз етеді. Сотқа талап-арыздарды дайындауды және сот отырыстарына қатысуды қамтамасыз етеді. Құқықтық тәртіп және жемқорлыққа іс-қимыл күрес мәселелері бойынша отырыстарды дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Құқықтық насихат және құқықтық оқыту мәселелері бойынша әділет органдарымен және өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Бөлім жұмысы бойынша жоспарлар мен бағдарламалар дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімінің Web-сайтында мәліметтерді жаңарту бойынша жұмысты қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Ведомствалық мұрағатқа бөлімнің істерін өткізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің  сақталуын  қамтамасыз  етеді. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2026 – 19.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

21.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30