Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Қызмет көрсету саласы
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі. Бөлімде тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру, тілдерді дамыту мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер, семинарлар, конференциялар, жұмыс кездесулері, кеңестер, мәдени-бұқаралық және өзге де іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді. Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт, туризм мәселелері бойынша бөлімнің жұмысын және оның алдында тұрған міндеттерді орындауды ұйымдастырады. Қорғаныс істері жөніндегі Басқарманың жұмысын үйлестіреді. Мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және туризм мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттарының уақтылы орындалуын ұйымдастырады. Азаматтардың өтініштерін қарауды бақылауды қамтамасыз етеді. Алматы қаласы әкімінің аппаратына есептік ақпараттың уақтылы ұсынылуын бақылайды. Кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың сауалдары мен өтініштеріне жауаптардың уақтылы берілуін бақылайды. Аудандық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, қабылдауларды, аудан әкімінің халықтың түрлі топтарымен кездесулерін, фестивальдерді (мерейтойлық іс-шаралар, жалпыхалықтық мерекелер) ұйымдастырады және өткізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмысты ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады: спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік разрядты спортшы; Біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, жоғары деңгейдегі әдіскер біліктілігі екінші санатты, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі; әскерге шақырудан кейінге қалдыру; және азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады. Жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау. Өтініштерді талдау және өтініш беруші көтеретін жүйелі проблемаларды аныктау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.05.2026 – 19.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

21.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30