Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының көлік инфрақұрылымы және тұрақты емес тасымалдау бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Көлік қызметтері
  • Механика
  • Автоматтандыру және басқару
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Функционалды міндеттер

Бөлімге жүктелген міндеттерге жауапты, бөлімнің жоспарлы жұмысын іске асырады. Бөлімнің қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Көлік инфрақұрылымы объектілерінің, аэропорт, темір жол вокзалының, автокөлік вокзалының, автобекет және жолаушыларды қамтамасыз ететін пункттердің жұмысын үйлестіреді және өзара әрекеттеседі; көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау саласындағы мердігерлік ұйымдармен өзара байланыс жасайды; такси тәртібімен багажды және жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың жұмысын үйлестіреді; қоғамдық көліктің аялдама орындарын ұйымдастырады және орналастыру бойынша және такси аялдамаларының жұмысын үйлестіреді; баламалы көлікті дамыту бойынша жұмыстарды жоспарлау; мемлекеттік мекемелермен өзара байланыс жасайды және ақпарат алмасады; ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды; көлік инфрақұрылымы объектілерін дамыту бойынша бөлім жұмысын жоспарлайды; орындалған жұмыстар бойынша есеп жүргізеді. Жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпорындардың шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылайды; Авторлық және техникалық қадағалауды, құрылысты және көлік инфрақұрылымы нысандарын жүзеге асыратын мердігерлік кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыстарының мерзімінде орындалуын және шарт міндеттемелерін жүзеге асыру барысын үйлестіреді және бақылайды; ҰҚКД, ІІД, ТЖД өзара әрекеттеседі. № 2 нысандарының, № 3 анықтамаларының нақты орындалған жұмыс көлеміне, сондай-ақ бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкестігін тексереді. Мердігерлер пайдаланатын бюджет қаражатын бөлуді, орындалған жұмыстың тізілімін тексереді. Келіп түскен хат- хабарламалардың мерзімінде орындалуына жауапты. Көлік инфрақұрылымы объектілерін жобалау саласындағы мердігер ұйымдармен өзара әрекеттеседі; ақылы автотұрақ жүйесін енгізу мен дамытуды жүзеге асыратын, көп деңгейлі автотұрақ құрылысын салатын кәсіпорындардың жұмысын үйлестіреді; аэропорттарда, вокзалдарда, 1 және 2 дәрежелі стационарлы сауда нысандарында, сауда базарларында, театрларда, цирктерде, кинотеатрларда, мәдени-демалыс ұйымдарында (мәдениет және демалыс саябақтары), сондай-ақ алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, кварталдарда такси аялдамаларын ұйымдастыру мен жабдықтауды қамтамасыз ету; Алматы қаласы веложолдарының құрылысын жүргізіп жатқан мердігер ұйымдардың қызметін бақылау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.05.2026 – 15.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

19.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30