Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің инспекторы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Психология
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қоғамдық байланыс
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Қоғамдық денсаулық сақтау
- Жалпы медицина
- Қаржы
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
- Азаматтық құқық
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысының ұйымдастырылуын және тиімділігін қамтамасыз етеді, қызмет сапасын бақылайды. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізеді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, үйде оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеу және басқа әлеуметтік төлемдердің тағайындалуын, төленуін қадағалайды және электрондық қол қояды. Мұқтаж азаматтарға, мүгедектерге және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуге қатысты құжаттарды рәсімдеуді және бақылауды ұйымдастырады: мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық, гигиеналық құралдармен қамтамасыз етеді, мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, протездік-ортопедиялық және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз етеді, санаторий-курорттық емдеу қызметін ұсынады, жеке көмекші және ымдау тілі маманының қызметін ұйымдастырады, үйде күтім көрсету жағдайында және медициналық- әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын үйлестіреді, Семей ядролық сынақ полигонының зардап шеккен азаматтарын тіркейді және куәліктер береді, ақталған азаматтарға куәліктер береді, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын тағайындауға ұсынылған көпбалалы аналардың құжаттарын қабылдайды және жолдайды. Комиссия отырыстарына қатысып, олардың шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша участкелік комиссия, тұрғын үй көмегін тағайындау комиссиясы, әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімділігін түгендеу комиссиясы, Семей ядролық сынақ полигонының зардаптарын есептеу комиссиясы. Құжаттаманың толықтығын тексереді, Қазақстан Республикасында уақытша тұруға рұқсат береді, шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша құжаттарды бақылайды. Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және кеңес береді. Бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуын және игерілуін бақылайды, бөлім мұрағатына жеке істердің тапсырылуын қадағалайды. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысып, бөлімнің өкілеттіктерін орындайды және қосымша тапсырмаларды атқарады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 18.05.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30