Алматы қаласы әкімі Аппаратының сыртқы байланыс бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-3

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлімнің жұмыс тәртібі мен стратегиясын айқындау, бөлімнің жұмысын жоспарлау, бөлім қызметкерлерінің арасында қызметтік міндеттерді бөлу, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын, сондай-ақ қызметкерлердің тапсырмалар мен лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау және үйлестіру. Алматы қаласының халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша орталық, жергілікті мемлекеттік органдармен, бюджеттік және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бөлімнің құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің халықаралық іс-шараларды хаттамалық-ұйымдастырушылық дайындау және өткізу мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі басшылығы хаттамаларының, тапсырмаларының сақталуын бақылайды. Жетекші сарапшылар мен ірі халықаралық корпорациялардың өкілдерін тарта отырып, инвестициялық форумдар өткізуге қатысады. Алматы қаласының Мәдениет күндерін, бизнес-семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу арқылы жастар, іскерлік, ғылыми және мәдени алмасуларды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Инвестициялық, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми-техникалық салалардағы әріптестікті нығайту және өзара тиімді жобалар жасасу, келіссөздерге қатысу, ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу үшін халықаралық делегациялардың сапарларын ұйымдастырады. Келісімшарттар бойынша келіссөздерге, серіктестер іздеуге және ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға, Алматы қаласының тауарлары мен қызметтерін шетелде ілгерілетуге көмек көрсетуге қатысады. Шет мемлекеттердің қалаларымен және қалалардың халықаралық бірлестіктерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар мен іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлейді. Шет мемлекеттердің қалаларымен және қалалардың халықаралық бірлестіктерімен жұмыс шеңберінде қаланың даму саласында халықаралық тәжірибені енгізу бойынша талдау жүргізеді және ұсыныстар енгізеді. Алматы қаласы әкімдігі басшылығының шетелдік жұмыс сапарларының бағдарламаларын әзірлейді. Капиталды, технологияларды, білікті мамандарды тарту бойынша қаланың өмір сүру сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін бағалайтын беделді халықаралық рейтингтерде Алматы қаласының даму көрсеткіштерін ілгерілетуге жәрдемдеседі. Шетел инвестицияларын тарту, технологиялар трансфертті, Алматы қаласының экспорттық, туристік және транзиттік-көліктік әлеуетін ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірлейді және іс-шараларды ұйымдастырады. Шетелдік дипломатиялық өкілдіктермен, Біріккен Ұлттар Ұйымының бағдарламаларымен, қорларымен және мекемелерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасайды. Алматы қаласының әкімдігі, оның құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты ұйымдары өткізетін өңіраралық және халықаралық іс-шараларға азаматтар мен халықаралық ұйымдардың қатысуын ұйымдастыру қызметін үйлестіреді. Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге, қауіпсіз және жайлы қала құруға бағытталған жобалар мен бастамаларды тиімді іске асыруға жәрдемдеседі. Жергілікті деңгейде орнықты даму саласындағы үздік шетелдік тәжірибелерді талдау негізінде ұсыныстар әзірлейді және енгізеді. Шетелдік қалалармен және ұйымдармен ынтымақтастық арқылы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге және инвестициялар тартуға жәрдемдеседі. Алматы қаласы әкімінің шетелдік сапарларын және қала басшылығының қатысуымен басқа да халықаралық іс-шараларды дайындайды және өткізеді. Алматы қаласы экономикасының басым секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша ұлттық институттармен, оның ішінде «KazakhInvest» ҰК АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды. Өз құзыреті шегінде шет қалалармен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасу, орындау, олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы ұсыныстар енгізеді. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.04.2026 – 30.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

05.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30