Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

691183

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Тілдер және әдебиет
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Математика және статистика
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Техникалық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: Ядролық физика
  • Жаратылыстану ғылымдары: химия
  • Физика және астрономия

Қосымша талаптар

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурстық комиссия айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурстық комиссия хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурстық комиссия осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.

Функционалды міндеттер

Басқарманың жұмысына басшылық жасау және ұйымдастыру, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап беру және өз функцияларын жүзеге асыру. Білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту; орта білім беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды қамтамасыз ету; мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алуды және жеткізуді ұйымдастыру; дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету; жалпы білім беретін пәндер бойынша  мектеп  олимпиадаларын,  ғылыми  жобалардың  конкурстарын, орындаушылар конкурстарын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету; балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеруді қамтамасыз ету және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету; білім беру ұйымдарын күрделі, кешенді және ішінара жөндеу саласында техникалық қадағалауды жүзеге асыру; ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуі және әлеуметтік бейімделу үшін арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету; кадрларды қайта даярлауды және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету; оқушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру; техникалық және кәсіби білім берудің кәсіби оқыту бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқуын аяқтаған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу; мемлекеттік қызметтер көрсету. Бюджетті жоспарлау, атқару, нақтылау және түзетуді жүзеге асыру, мемлекеттік органға әкімшілік-қаржылық қызмет көрсету және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.05.2026 – 13.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

15.05.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30