Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Математика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Статистика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Аудан әкімінің және жоғары тұрған органдардан түскен шешімдерін, өкімдері мен басқа да құжаттардың орындалуын іске асырады. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша өткізілетін алқа отырыстарына, кеңестерге, дөңгелек үстелдерге, «Кәсіпкер күніне» қатысады. Заңсыз орналасқан жабайы сауда орындарын жою бойынша комиссияда, жұмыс тобына қатысады. Қызмет көрсету саласында кіші және орта бизнес қызметінің сұрақтарын үйлестіреді. Қызмет көрсету сұрақтарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерінің орындалуы бойынша бақылау жүргізеді. Қоғамдық тамақтанудың қызметін талдайды және мәліметтер жинайды. Тамақтану және өнеркәсіп ұйымдарын қоғамдық және мәдени іс-шараларға қатысуына жұмылдырады. Қоғамдық тамақтану ұйымдарының сараптамасын жасайды. Бағыныстағы нысандардың мәліметтерін жинайды. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау бойынша ақпарат жинайды. Аудандағы автобус бағыттарын қадағалайды. Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын уақытылы және сапалы қарастырады, сонымен қатар, әлеуметтік желілерге жолданған сұрауларына жедел әрекет етеді. Өтініш берушілердің мәселелері бойынша талдау жүргізу және арызданушылардың жүйелік мәселелерін анықтау. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады.        

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

13.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30