Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Журналистика және ақпарат
  • Құқық
  • Денсаулық сақтау
  • Құқық және экономика негіздері
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қоғамдық байланыс
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

гуманитарлық ғылымдар

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады. Бөлімнің жұмысын және оның алдында тұрған міндеттердің орындалуын ұйымдастырады. Әлеуметтік мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Алматы қаласы әкімінің және Жетісу ауданы әкімінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі жұмысты жүзеге асырады. Қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен бірлескен жұмысты ұйымдастырады. Үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшесінің жұмысына жетекшілік етеді. Аудан аумағында орналасқан әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын үйлестіреді. Аудандық білім бөлімінің жұмысын үйлестіреді. Аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмысын бақылайды. Алматы қаласы Жетісу ауданының кәмелетке толған тұлғаларына қорғаншылық пен қамқоршылық белгілеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның жұмысын бақылайды. 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы комиссияның жұмысын бақылайды. Жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды үйде қызмет көрсетуге қабылдау жөніндегі комиссияның ұйымдастырылуы мен жұмысын бақылайды. Эвакуациялық комиссияның жұмысын бақылайды. Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша жоғары тұрған органдардың өкімдік құжаттарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Түскі ас пен концерттер ұйымдастыра отырып, қайырымдылық акцияларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді. Жетісу ауданының стратегиялық жоспарын үйлестіруге және әзірлеуге жауапты болады. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздарын уақытылы және сапалы қарастырады, сонымен қатар, әлеуметтік желілерге жолданған сұрауларына жедел әрекет етеді. Өтініш берушілердің мәселелері бойынша талдау жүргізу және арызданушылардың жүйелік мәселелерін анықтау. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.04.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.04.2026 – 09.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

13.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30