Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Сәулет
  • Құрылыс
  • Көлік құрылысы
  • маркшейдрлік ісі
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар
  • Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу

Қосымша талаптар

қалалық құрылыс, автомобиль жолдары, автомобиль жолдарын жобалау және салу

Функционалды міндеттер

Басқармаға жүктелген стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді; «Күшті өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын, Алматы қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, 2050 жылға дейінгі және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді даму бағдарламаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау жүйесінде қарастырылған басқа да бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру бойынша жол карталарын үйлестіреді, өзара әрекеттестікті қамтамасыз етеді және орындалуын бақылайды; Қалалық жергілікті деңгейде автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, анықтауға және жүзеге асыруға ықпал ететін шешімдер дайындайды; Ең үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қолжетімді және қауіпсіз көлік жүйесін құруды үйлестіреді; Мемлекеттік-жекешелік серіктестік саласындағы конкурстарды (немесе тікелей келіссөздерді) ұйымдастырады және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік-жекешелік серіктестік туралы келісімшарттарды жасасады; Жолдар мен көшелерді ағымдағы, орташа және күрделі жөндеуде орындалатын жұмыстардың түрлерін жіктеу жобасын әзірлеп, қол қоюға ұсынады; Басқарма туралы ережеде көзделген нормативтік-құқықтық актілер жобаларын әзірлеп, қол қоюға ұсынады; Басқарма алдында тұрған приоритеттік міндеттер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен және олардың лауазымды тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасайды; Басқарманың қарамағындағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органы (бірегей қатысушы) функцияларын үйлестіреді; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың қаржылық есептілігін қарайды, келіседі және бекітуге ұсынады; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларының орындалуын, сондай-ақ олардың жұмыс істеу тиімділігі мен басқару деңгейін мониторингтеп, талдайды; Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың таза табысының бір бөлігін аудару нормаларын қарайды; Өз құзыреті шегінде басқарманың функциялары мен міндеттерін уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз етеді; Басқарма басшысына және/немесе Алматы қаласы әкімдігінің басшылығына қол қоюға ұсынылатын, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдарға жіберілетін есептер, анықтамалар, құжаттар және басқа материалдардың жобаларын дайындап, визалайды; Автомобиль жолдары саласындағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді; Мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысты конкурс (аукцион) құжаттамасының ашылуы, алдын ала талқылауы, алдын ала іріктеу, нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау, келісімшарттар жасау және оларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыруды рәсімдеуді қамтамасыз етеді; Қарамағындағы бөлімдердің жұмысын ұйымдастырып, үйлестіреді; Басқарма басшысының берген тапсырмалары мен нұсқауларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылап отырады; Басқарманың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында информатизацияны енгізу және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады; Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық юрисдикция соттарында сот өндірісін жүргізуді ұйымдастырады; Басқарманың қарамағындағы бөлімдердің жұмысын жетілдіруге ұсыныстар енгізеді; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша басқарма басшысына (ауызша немесе жазбаша түрде) басқарманың қарамағындағы бөлім қызметкерлерін тағайындау және лауазымынан босату, оларға демалыс беру, ынталандыру немесе тәртіптік шара қолдану туралы ұсыныстар енгізеді; Алматы қаласы әкімінің аппараты, басқармалар, бағынысты кәсіпорындар (ұйымдар), пайдалану ұйымдары, құқық қорғау органдары және Алматы қаласы аумағындағы орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімдерімен басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара әрекеттеседі; Басқарма қызметкерлеріне еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдайды; Басқарманың қарамағындағы бөлімдердің және олардың қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен тиімділігін бақылайды, кәсіби деңгейін арттыру шараларын жүзеге асырады; Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібі, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын сақтауын қадағалайды; Басқарманың қарамағындағы бөлімдердің берген бұйрықтары мен жеке қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды; Азаматтар мен заңды тұлғалардың хат-хабарлары, арыздары мен өтініштерімен жұмыс істейді; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; Өтініштерді талдап, олардың негізінде жүйелі мәселелерді анықтайды; Басқарма бөлімшелерінің, бағынышты кәсіпорындардың және мердігер ұйымдардың жетекшілерінің ұсыныстарын қарайды, зерттейді және оларды басқарма басшысына ұсынады; Басқарманың қарамағындағы бөлімдер жетекшілерінен автомобиль жолдарын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бұйрықтарды және тапсырмаларды орындауды талап етеді. Экономика мен қаржының (бухгалтерлік есептің, қаржылық есептіліктің қол қою) жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде ТЭН әзірлеу ұйымдарының, құқықтық жұмыстың, кадр қызметінің және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша конкурстарды (немесе тікелей келіссөздерді) өткізу рәсімдерін ұйымдастыру. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.03.2026 – 01.04.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

03.04.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30