Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімнің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282306

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Кеден ісі
  • Құқықтану
  • Азаматтық құқық

Қосымша талаптар

заң кеңесшісі

Функционалды міндеттер

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттерді іске асыру. Мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірге тұрғындардың арасында құқықтық   ағарту   жұмыстарын   жүргізу.   Қазақстан   Республикасының «Әкімшілік рәсімдік- процестік» Кодексіне сәйкес бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру. Аудандағы заңсыз салынған құрылыстарды анықтау және әрекет ету. Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша өз бетінше иеленіп алған жер учаскелерін анықтау жөніндегі жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру. Жылжымайтын мүлікті рәсімдеу жөніндегі құжаттарды қабылдау бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру. Аудан аумағында бақылау бейнекамераларын орнату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Аудан әкімінің нормативтік- құқықтық актілерін Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуге қатысады. Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудан әкімі аппаратының құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау. Аудан әкімнің өкімдеріне сәйкес әкім аппараттың тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысу. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша жылдық және тоқсандық есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хаттарды қарастыру. Электронды құжат айналымын алып жүру. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2026 – 26.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

30.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30