Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік - құқықтық бөлімнің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327474
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
заң кеңесшісі
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Бөлімнің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен өзара іс-әрекеттерді іске асыру. Террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс- шараларды жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аймақтық бағдарламалардың және іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, аудандық жоспарларды құру. Аудан аумағында қылмыстылықпен күресу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен заңдарды сақтау мәселелері бойынша аумақтық құқық қорғау органдары, құрылымдық бөлімшелер және еңбек ұжымының қызметі мен аудан тұрғындарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, үйлестіру. Аудандағы заңсыз салынған құрылыстарды анықтау және әрекет ету. Аудандағы пайдаланылмайтын жер учаскелері мен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және әрі қарай жұмыс жүргізу. Аудан әкімімен бекітілетін шешімдер мен өкімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін тексеру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудан әкімі аппаратының құқықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау. Аудан әкімнің өкімдеріне сәйкес әкім аппаратының тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысу. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша жылдық және тоқсандық есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хаттарды қарастыру. Электронды құжат айналымын алып жүру. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 30.03.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30