Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Сәулет және құрылыс
  • Стандарттау, сертификаттау және метрология
  • Инженер-электрик

Қосымша талаптар

инженер, сумен жабдықтау және су бұру, автомобиль жолдары

Функционалды міндеттер

Өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады. Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың өтініштерін, қажет болған жағдайларда, қолданыстағы заңнамада белгіленген мерзімде сол жерге барып қарайды. Өтініштерді талдау және өтініш берушілердің алдында тұрған жүйелік проблемаларды анықтау. Иесіз тозған инженерлік желілерді реконструкциялау мен жаңғыртуды бақылау. Сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды және электр энергиясын үздіксіз беруді жақсарту үшін шағын стратегиялық объектілердің құрылысын бақылау. Жобалау-сметалық құжаттаманың және құрылыс-монтаждау жұмыстарының әзірленуін бақылау. Аудан аумағында инженерлік желілерді стратегиялық дамыту бағдарламаларын әзірлеу. Қауіпсіздік, жеке меншікке қол сұғылмаушылық, қолайсыздықты азайту және мүдделері қозғалған барлық тараптардың мүдделерін құрметтеу қағидаттарын сақтай отырып, ҚР заңнамасына сәйкес инженерлік инфрақұрылыммен жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Инженерлік желілер мен жол инфрақұрылымының құрылыс-монтаждау жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ мердігерлік ұйымдар жұмыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жолдарды ағымдағы жөндеу, сондай-ақ көше жол желілерінің жаңа құрылысы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Ұялы телефондар мен мессенджерлерді қоса алғанда, барлық қолжетімді байланыс құралдары арқылы тұрғындармен, бизнес кәсіпорындарымен, басқа да мүдделі тұлғалармен ағымдағы мәртебесін, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылыммен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу сапасын мониторингілеу бойынша жедел кері байланысты жүзеге асыру. Жолдарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Жергілікті және республикалық бюджеттерден қаржыландыру жоспарына енгізілген объектілер бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жобалау, салу, сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті материалдар пакетін (техникалық құжаттаманы) дайындауды және конкурсты ұйымдастырушыға ұсынуды ұйымдастыру. Жобалау ұйымдарының ТЭН және ЖСҚ әзірлеу процесін бақылау. Орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасына жобалау- сметалық құжаттаманы тексеру. Заңнамада және мемлекеттік нормативтерде белгіленген тәртіппен ТЭН мен ЖСҚ қабылдауды жүзеге асыру. Жобалау және сараптама кезінде Шарт талаптарын бұзуға жол берген ұйымдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау. Инженерлік инфрақұрылымды перспективалық дамыту мәселелері бойынша комиссиялар мен сот процестеріне қатысу. Заңнамада белгіленген мерзімде уәкілетті органдарды құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы туралы хабардар етуді және объектінің техникалық сипаттамаларын, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкестігі туралы қорытындыларды қоса бере отырып, объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісін ұсынуды қамтамасыз ету. 3 жұмыс күні ішінде ҚМЖ өндірісін бастау үшін мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарынан талон алу. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша жоғары тұрған және өзге де мемлекеттік органдарға есептер ұсыну. 2В нысанындағы орындалған жұмыстардың актілерін және КС-3 нысанындағы анықтамаларды тексереді және бұрыштама қояды. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысады. Әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жедел ден қою. Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.03.2026 – 26.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

30.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30