Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282306

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Құқықтану
  • Азаматтық құқық

Функционалды міндеттер

Бөлім басшысы болмаған кезде оның міндеттері мен функцияларын белгіленген тәртіппен орындайды, олардың сапалы, тиімді және уақтылы орындалуына толық жауапты болады. Аудан әкімі аппаратының Ішкі еңбек тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді. Бөлім қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы орындауы бойынша жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының кадр мәселелері бойынша жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеруіне байланысты құжаттарды рәсімдейді. Әскери міндеттілер мен әскерге шақыртушыларды әскери есепке алуды жүргізеді. Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, тәлімгерлікті, қызметін бағалауды, оқытуды, қайта даярлауды (қайта біліктілігін арттыру) және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметшілердің деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы дербес мәліметтерді есепке алу жөніндегі жұмысты жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының қолданыстағы құжаттамалармен қамтамасыз ету жұмыстарын  ұйымдастырады және жүргізеді; аудан әкіміне аппарат бөлімдерінің  және аудан қызметтерінің аудан әкімінің жоспарлама жиналыстарында берген тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттарды жинайды және ұсынады. Жоғары тұрған органдардың, аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының уақтылы орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды; келіп түскен хаттарды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жүйелі талдауды бақылауды ұйымдастырады; аудан әкімі аппаратында іс жүргізу және орындаушылық тәртібі бойынша есептер жасайды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасымен және аудан қызметтерімен өз құзыреті шегінде өзара іс- қимылды жүзеге асырады. Тиісті жыл аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының ведомстволық мұрағатына құжаттарды уақтылы тапсыруды ұйымдастырады.

 

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.03.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.03.2026 – 16.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

18.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30