Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

592937

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Құқық
  • Денсаулық сақтау
  • Тарих
  • Құқық және экономика негіздері
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Халықаралық қатынастар
  • Мәдениеттану
  • Құқықтану
  • Өнертану
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Психология
  • Журналистика
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Медицина
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, жоғары тұрған органдардың ішкі саясат, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, ғылым және білім беру, мәдениет, туризм, спортты дамыту, жастар саясаты, көші-қон және демография мәселелерінің орындалуын ұйымдастырады. Ұлтаралық қарым-қатынастар аясында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің қызметін ақпараттық- талдауды қамтамасыз ету бойынша бақылау жүргізеді. Қоғамдық консолидациясын және ішкі саяси тұрақтылығын сақтау бойынша жұмыс атқарады. «Қазақстан Республикасының тілдер туралы» Заңын жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіреді. Эвакуациялық комиссиясының жұмысын бақылайды. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есебін жүргізу бойынша комиссияның жұмысын және ұйымдастыруын бақылайды. Аудан Әкімі жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын және ұйымдастыруын бақылайды. Кәмелетке толған тұлғаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгілеу жөніндегі органның міндетін атқару жұмысын бақылайды. Аудан тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиясының жұмысын бақылайды. 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығына дейін 6 айдан кем емес мерзім жұмыс істеген тұлғаларға еңбек өтілін белгілеумен айналысатын арнайы комиссияның жұмысын бақылайды. Үйде әлеуметтік қызмет көрсету үшін жалғызілікті, жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектерді есепке қосу жөніндегі комиссияның жұмысын бақылайды. Жетісу ауданы бойынша қала әкімі жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының жұмысын бақылайды. Қылмыстылыққа, сыбайлас жемқорлыққа, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша комиссиясының жұмысын бақылайды. Спортшыларға спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша жұмысты бақылайды. Халық арасында мәдени-спорттық жұмысты ұйымдастырады. Өз құзыреті шегінде партиялармен, қозғалыстармен, діни бірлестіктермен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен байланысады. Қоғаммен Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, қайырымдылық қорлары, Әйелдер, отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия, ардагерлер мен зейнеткерлер кеңесі, мүгедектер қоғамдық бірлестігі. Шығармашылық одақтармен, мәдениет үйлерімен, кітапханалармен, әскери-патриоттық және спорттық клубтармен, аула клубтарымен жұмыс істейді. БАҚ және жарнама агенттіктерімен байланысады. Аудандық қорғаныс басқармасының құзыреті шегінде жұмысқа тарту және жұмылдыру мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді, сондай-ақ ауданда орналасқан қорғаныс істері жөніндегі басқармамен байланыс орнатады. Әлеуметтік шиеленістерді жою және әлеуметтік жанжалдарды шешу үшін уақтылы шаралар қабылдау, осы саладағы саяси ахуалды үйлестіру, ұсыныстар жасау және перспективаларды болжау. Алматы қаласы әкімі аппаратының Тілдерді дамыту және латын графикасына көшу орталығымен өзара іс-қимыл жасайды, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайтуға, басқа тілдерді дамытуға жағдай жасайды және тілдік нормалардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 26.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

27.02.2026 – 03.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

05.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30