Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Информатика
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Аудан әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды, оның ішінде "азаматтарды қабылдау орталығы" қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы қабылдайды, бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды жүргізеді. Қажетті мәліметтерді енгізе отырып, "Е-Өтіш" автоматтандырылған электрондық базасында өтініштерді уақтылы тіркейді, аудан әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысына қарауға береді. Заңнамада белгіленген мерзімдерге сәйкес азаматтардың өтініштерінің орындалуына тұрақты бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімінің жеке қабылдауынан азаматтардың өтініштерін тіркеуді жүргізеді. Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне, олардың саны мен сипатына: әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық, кәсіпкерлік, абаттандыру және қоғамдық құқық тәртібіне мониторинг жүргізеді және т.б. апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жылдық есептерді дайындайды, "тәуекелдер картасын"қалыптастырады. Сенім телефоны бойынша қоңырауларды қабылдауды және өңдеуді жүргізеді, азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын бақылауды жүзеге асырады. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды қарау мәселелері бойынша отырыстарға, семинарларға қатысады. Ағымдағы іс жүргізуді ұйымдастыруға,  аппарат  бөлімдерінде  құжаттарды  сақтауға  бақылау жүргізеді. "Тәуекел картасына"енгізілген өтініштерге талдау жасайды. "Е- Өтіш"жүйесінде білім базасын енгізу және іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2026 – 02.03.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

04.03.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30