Алматы қаласы Спорт басқармасының бұқаралық спорт және инфрақұрылым бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
дене дайындығы,бастапқы әскери және дене шынықтыру даярлығы,дене шынықтыру және спорт ,дене шынықтыру,дене тәрбиесі мұғалімі
Функционалды міндеттер
Бөлім басшысы келесі міндеттердің орындалуын жүзеге асырады, қамтамасыз етеді және жеке жауапкершілік арқалайды: құжат айналымының электрондық-ақпараттық жүйелерінде бөлімнің толыққанды жұмыс істеуі мен қызметінің ұйымдастырылуы; бөлімнің іс номенклатурасының жүргізілуі мен дұрыс қалыптастырылуы; бөлім қызметіне жалпы басшылық жасау, бөлім құзыретіне кіретін міндеттерді орындаудың негізгі бағыттарын, нысандары мен әдістерін айқындау, сондай-ақ бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы әрі сапалы орындалуына жеке жауапкершілік көтеру. бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқарма алқасына ұсынылатын шешімдер мен қаулылардың жобаларын дайындап енгізу, бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау, қызметкерлердің спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының, республикалық және халықаралық жарыстардың күнтізбелік жоспарын сапалы және уақытылы орындауы үшін олардың жұмыс бағыттары мен жауапкершілік деңгейін айқындау. Басқарманың спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Бөлім басшысы мынадай комиссиялардың жұмысына қатысуға міндетті: Басқармада және оның құрылымдық кәсіпорындарында әкімшілік және азаматтық қызметшілердің бос орындарын толықтыру жөніндегі комиссия; жеткізушілерден келіп түсетін шығармашылық есептердің спорттық бөлігін тексеру, қабылдау және талдау жөніндегі комиссия; тауар-материалдық құндылықтарды есептен шығару комиссиясы; Басқарманың есеп жүргізуі мен есептілігінің дұрыстығын тексеру жөніндегі комиссия; бақылау объектілеріне жолданатын ұсыныстардың орындалуы және бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің іске асырылуы жөніндегі комиссия. Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды әзірлеуге және іске асыруға, қаланың спортты дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламаларын дайындауға, бөлім туралы ережені, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін әзірлеуге және оларды басшылықпен келісу арқылы түзетуге, бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізуге, спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту жөнінде ұсыныстар беруге қатысады. Қала аумағында өткізілетін барлық спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру- сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру кезінде регламенттер мен ережелерді әзірлеу, кешенді қалалық жарыстар мен іс-шараларды өткізу, жоспар– тапсырманың дайындалуы, сондай-ақ қалада өткізілетін іс-шараларды үйлестіру бойынша проблемалық мәселелерді айқындау жұмысын бақылауды жүзеге асырады; техникалық ерекшелік талаптарына сәйкестігін тексеру және талдау бойынша бөлімнің бас мамандары ұсынған нәтижелер негізінде жалпы жиынтық дайындайды; 1-ФК есеп формасы бойынша статистикалық деректерді жинақтап, талдап, негізгі көрсеткіштер бойынша Қазақстан Республикасының Спорт комитетіне статистикалық мәліметтер мен сипаттамалық есепті жолдайды. Бөлім басшысы Басқарманың және Алматы қаласының әлеуметтік спорттық жобаларын іске асыруға жәрдем көрсетеді; мемлекеттік сатып алуларды жүргізу үшін қажетті ақпаратты ұсынады; бұқаралық спортты, ұлттық спорт түрлерін және мүгедектер спортын дамыту жөніндегі мемлекеттік (өңірлік) бағдарламаны іске асыру бойынша кешенді жұмысты жүзеге асырады; қала аумағында әр түрлі деңгейде өткізілген спорттық жарыстар туралы апта сайын ақпарат ұсынады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 26.02.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30