Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
592937
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Жерге орналастыру
- Механика
- Экология
- Гидрология
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Техникалық физика
- Құрылыс
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Кадастр
- Инженерлік жүйелер және желілер
Қосымша талаптар
көлік, инженер, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру
Функционалды міндеттер
Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің, жоғары тұрған органдардың сәулет-құрылысы және қала құрылысының дамуы туралы мәселелер, жер ресурстарын тиімді әрі дұрыс пайдалануын, тұрғын үй бағдарламасын іске асыру, аудан аумағының құрылысын, ауданда көріктендіру және санитарлық тазалық жүргізуді, қоршаған ортаны қорғау, ауданның тұрғынүй коммуналдық шаруашылығының дамуын және қызмет етуін, байланыс және коммуникация мәселерінің орындалуын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, Алматы қаласы Жетісу ауданының аумағында орналасқан жер телімдерін қолдану бойынша жұмыстарды жүзеге асыру бойынша; табиғатты қорғау заңнамасын іске асырылуын үйлестіреді. Аудан аумағында күрделі құрылыстың сапасы және орындау мерзімін қадағалауды және салынып жатқан құрылыс нысандарының сейсмотөзімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Аудан аумағының көріктендіру және санитарлық тазалау, жолдардың, жолдарды жаңарту мен жөндеу, жол өтпелдерін, арық желілерін, жаға бекіткіштерін, көгалдандыру және жасыл отырғызуларды қорғау бойынша жұмыстарына басшылық етеді. Қоқыс жинау ұйымдарының (ҚЖҰ) жұмысына басшылық етеді. Тұрғын қорының пайдалануы және күтуі бойынша жұмысқа басшылық етедi, ғимараттардың техникалық түгендеуiн, тұрғын үйдiң iргелi жөндеу жұмыстарына басшылық етедi. Құрылыс-жөндеу жұмыстары (ҚЖЖ) бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Төтенше жағдайларды болдырмау бойынша жұмысты басқарады. Мемлекеттік сатып алулар комиссиясына қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 26.02.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30