Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Өнер
  • Қызмет көрсету саласы
  • Музыкалық білім
  • Бейнелеу өнері және сызу
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Тарих
  • Мәдениеттану
  • Филология
  • Археология және этнология
  • Шығыстану
  • Құқықтану
  • Мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау
  • Саясаттану
  • Аймақтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес қоғамдық-саяси, қалалық, аудандық іс-шараларға, кеңестер мен конференцияларға қатысады. Бөлім жұмысының нәтижелері бойынша ағымдағы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындайды және оларды жинауды жүзеге асырады. Аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдерімен, құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерімен, ауданның мәдениет және спорт мекемелерімен өзара іс-қимыл жасайды. Ауданда мемлекеттік тілдің дамуы мен қолданылуына ықпал ететін "Қазақстан

Республикасындағы тілдер туралы" Заңның негізінде тілдерді дамыту саясатын іске асыру. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан – 2050 "Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалуын қамтамасыз етеді. Ауданда мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді. Ауданның мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің спорт, дене шынықтыру және сауықтыру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді. Бостандық ауданы бойынша мынадай спорттық разрядтар мен біліктіліктерді беру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады: 2-ші және 3-ші спорттық разряд; жасөспірімдер разрядтары: 1-ші, 2-ші және 3-ші; жаттықтырушылар: 2-ші санат (жоғары және орта біліктілік); әдіскерлер: 2- ші санат (жоғары және орта біліктілік) орта біліктілік); нұсқаушы-спортшы: 2-санат (жоғары біліктілік); спорт төрешісі. Жастармен жұмысты жүзеге асырады. Кіріс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды уақтылы қарауды және орындауды қамтамасыз етеді, сондай- ақ азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жауап береді. Жеткізушілер тарапынан мемлекеттік сатып алу бойынша шарттық міндеттемелердің орындалуына, жолдама бойынша электрондық мемлекеттік тапсырыс материалдарын дайындауға бақылау жасайды.

Электрондық мемлекеттік тапсырысты өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі. Мекеменің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес ақпараттың сақталуы мен қауіпсіздігін бақылауды, қызметтік құпияның сақталуын, сондай-ақ құпия ақпараттың ағып кетуіне жол бермеуді қамтамасыз етеді. "Е-Өтіш"жүйесінде білім базасын енгізу және іске асыру жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Аудан әкімінің лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, қызметкерлердің, сондай-ақ қоғамдық өмірге белсенді қатысқан аудан тұрғындарының ерекше маңызды тапсырмаларын орындағаны үшін Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын дайындау. Мемлекеттік қызметшілер мен аудан тұрғындарының қазақ тілі курстарына қатысуын қамтамасыз ету. Ономастика жөніндегі қалалық комиссияға атауы жоқ көшелерге жаңа атаулар беру жөнінде ұсыныстар енгізу. Шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кезеңінде, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу бойынша. Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы жоқ телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік құрылғыларын таратуға әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асырады ("сұр" тәрелкелер). Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық және спорт клубтарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жүзеге асыру бойынша бақылауды жүзеге асырады. Мемлекеттік рәміздерді сақтау және қолдану бойынша. Аудандағы қоғамдық-саяси жағдайға кешенді көзқарасты қамтамасыз етеді. Қоғамдық құрылымдардың қызметін ұйымдастыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2026 – 20.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

24.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30