Алматы қаласы Білім басқармасының Алмалы аудандық білім бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Функционалды міндеттер

Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Білім беру саласында мемлекет саясатын іске асыру, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік оқу бағдарламаларын іске асыру үшін жағдай жасау. Аудан аумағында ҚР «Білім туралы» Заңын жүзеге асыруды ұйымдастыру, құқықтық және ақпараттық қамтамасыз ету, білім туралы заңнаманың орындалуы бойынша қадағалау функцияларды орындау. Ауданның білім беру ұйымдарындағы бюджеттік қаражаттардың игерілуін қадағалау, мемлекеттік оқу-тәрбие мекемелері мен ұйымдарының желісін дамыту және тиімді орналастыру бойынша шаралар қабылдау. Ауданда мемлекеттік қызмет көрсету сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Мектеп жасындағы балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту. Ауданның медицина мекемелерімен бірлесіп, оқушылардың өмірін сақтауды және денсаулығын сақтап нығайтуды қамтамасыз ететін жағлайлар мен шаралардың орындалуын бақылау. Ауданның білім беру ұйымдары оқулықтармен, көркем әдебиеттермен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау. Азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау; мемлекеттік органдармен және азаматтармен хат алмасу; өз құзырлығы шектерінде, білім саласында анықталған кемшіліктерді түзету бойынша тиісті шаралар қабылдау. Белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын және бөлімнің басқа да құжаттарын әзірлейді. Басқарма басшылығымен анықталатын басқа уәкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.02.2026 – 20.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

24.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30