Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Психология
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму
  • Азаматтық құқық

Функционалды міндеттер

Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы), сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен, сондай-ақ арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Бірінші топтағы жүріп-тұруы қиын мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметін ұсыну үшін құжаттарды қабылдау, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер алуға құжаттарды рәсімдеу, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге және оңалтудың техникалық құралдарына портал арқылы тапсырыс беруді ұйымдастыру.  «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылған көпбалалы аналардың құжаттарын қабылдау, кеңес беру және Басқармаға жолдау. Семей ядролық полигонында зардап шеккен азаматтарға, ақталған адамдарға және еңбек өтілін растау бойынша арнайы комиссиялармен жұмыс істеу, құжаттарды қабылдау, тіркеу және есепке алу. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау бойынша кеңес беру, құжаттарды қабылдау, ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу және айлық тапсырыстарды уақытылы әрі сапалы орындау. Тұрғын үй көмегіне, үйде оқытылатын мүгедек балаларға арналған шығындарды өтеуге, санаторий-курорттық емделуге, АИТВ жұқтырған балаларға, газ құбыры орнату және жүргізу шығындарын өтеуге өтініш берушілермен жұмыс жүргізу, шешім туралы хабарламаларды беру, комиссия отырыстарына материалдарды дайындау және төлемдердің уақытылы жүргізілуін қамтамасыз ету. Әлеуметтік көмек алушылардың деректерін АХАЖ, «ҚазПошта», «Город» жүйелері арқылы салыстырып тексеру және деректердің дәйектілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты өтініштер мен құжаттардың толықтығын және дұрыстығын тексеру, шешім жобаларын қабылдау, әлеуметтік келісімшарттарды тіркеу, есеп беру және айлық тапсырыстарды орындау. Шетелдік жұмыс күшін тартуға және уақытша тұруға рұқсат беру мәселелері бойынша жұмыс берушілерге кеңес беру және тиісті құжаттарды қабылдау. Е-собес, Е-өтініш базаларында кіріс және шығыс құжаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, орындалуын бақылау және мұрағатқа тапсыру. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мәліметтер жинау, талдау жасау, бюджеттік жоспарлау бойынша ұсыныстар әзірлеу және есептер дайындау. Апталық, тоқсандық және жылдық есептерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша есептілікті уақытылы және сапалы дайындау. Мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету. Аудан әкімі аппараты өткізетін іс-шараларға қатысу және бөлім басшысы айқындаған өзге де тапсырмаларды орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2026 – 16.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

18.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30