Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының Әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327474

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Функционалды міндеттер

Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады. Ұйымдастыру-бақылау, жеке атқарушы, реттеуші функцияларды орындайды (келіседі, ұсынады, тапсырады, бақылайды, әзірлейді, жинақтайды, зерделейді, жүйелейді): жоғары тұрған органдарға ақпарат, қала әкімдігіне материалдар дайындау, әкімнің шешімдері мен тапсырмаларын, қала әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған және төменгі мемлекеттік органдармен бөлімнің өзара іс-қимылын ұйымдастырады; орындаушылық (зерделейді, жүйелейді, талдайды, анықтайды) функцияларды орындайды. Сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді; мемлекеттік органда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді.; Мемлекеттік орган әзірлейтін құқықтық және нормативтік актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ заңды сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге, оның ішінде мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің әзірлеуі жағдайында келісу жолымен қатысады; мемлекеттік органға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жүйелендіріп есепке алудың ұйымдастырылуын және сақтауды бақылау; Қызметкерлерді конкурстық негізде қабылдау, аттестаттауды өткізу, оқыту, мемлекеттік қызметшілерді лауазымға тағайындау кезінде құжаттарды ресімдеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді; конкурстық, аттестаттау, тәртіптік комиссиялардың жұмысын қамтамасыз етеді.; кіріс және шығыс хат-хабарларды есепке алу мен тіркеуге, құжаттармен жұмысты жетілдіруге, жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын, келіп түсетін хаттарды белгіленген мерзімде орындауға; "электрондық құжат айналымы" деректер базасын қалыптастыруға және жүргізуге; Мұрағат нұсқаулығына сәйкес құжаттарды ресімдеуге бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 11.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

12.02.2026 – 16.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

18.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30