Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Жерге орналастыру
- Сәулет
- Механика
- Автоматтандыру және басқару
- Мұнай газ ісі
- Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
- Машина жасау
- Көлік, көліктік техника және технологиялар
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
- Құрылыс
- Көлік құрылысы
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Балқуы қиын бейметалл және силикатты материалдардың химиялық технологиясы
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Жетекшілік ететін бағытта аналитикалық ақпаратты енгізу және қалыптастыру. Атқарылған жұмыстар бойынша жылдық және тоқсандық есеп дайындау. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздардың қарастыру және орындалу мерзімін қадағалау. Хаттамалық тапсырмалардың уақытылы орындау, кіріс және шығыс қызметтік хаттарды қарастыру. Электронды құжат айналымын алып жүру. Әкім аппаратының ақпараттық қауіпсіздік, жұмыс мақсаттары үшін рұқсат етілген пошта сервистерін ғана пайдалану, құпия ақпаратты таратпау саясатына сәйкес ақпаратты қорғау бойынша шараларды сақтау. Бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу.Аудан тұрғындарын сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз ету, су құбырында судың жіберілуін күшейту үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, инженерлік желілердің пайдалануға берілуінде кешенді жұмыстар жүргізу. Аудан тұрғындарын сапалы газ желісінің қызметімен қамтамасыз ету, газ реттегіш пункттер мен газ құбырларына техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар, газ шаруашылығын жылыту маусымына әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру. Аудан тұрғындарына сапалы жылу және ыстық су қызметінің көрсетілуін, жылу желілерінің пайдалануға берілуінде кешенді жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру.Аудан тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр желілерін ауыстыру жұмыстарын жүргізуді, трансформатор қондырғыларының қуаттылығын арттыру, сонамен қатар, электр желілерінің пайдалануға берілуінде кешенді жұмыстар ұйымдастыру. Аудандағы бейіттердің тиісті жағдайда күтіп ұстау жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру. Кондоминиум нысандарында көріктендіру, сыртқы жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалығын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру. Пәтер иелері кооперативі, бау-бақша бірлестіктері және коттедждік қалашықтармен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында қарым-қатынас орнатуды қамтамасыз ету. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға қатысуды ұйымдастыру («ТКШ жаңғырту», «Аулаларды күрделі жөндеуден өткізу», «Ескі үйлерді сүру», «Қауіпсіз қала» және т.б.). Жер қазба жұмыстары жүргізілген жағдайда мониторинг жасау, жол төсеніштері мен жаяу жүргінші жолдарын, жасыл жекелектердің қайта қалпына келтірілуін үйлестіру. Өз қызметіндегі міндеттелген лауазымдық нұсқаулықтардың шегінде аудан әкімінің шешімдерін әзірлеуге қатысу.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 06.02.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30