Алматы қаласы әкімі Аппаратының заң бөлімінің бас инспекторы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

379870

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Құқық және экономика негіздері

Функционалды міндеттер

Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда белгіленген тәртіпте әкімдіктің мүдделерін білдіру. Қазақстан Республикасы заңдарының, ел Президенті мен Үкіметі актілерінің, қала әкімдігі қаулыларының, бағдарламалардың, іс-шаралар жоспарларының орындалуы туралы қорытындыларды, талдауларды, ақпараттарды, анықтамаларды дайындау. Құқықтық мәселелерді қарау кезінде белгіленген тәртіпте сотта, сондай-ақ басқа ұйымдарда Алматы қаласы әкімінің, аппараттың және әкімдіктің мүдделерін білдіру. Алматы қаласы әкімі мен әкімдік актілерінің, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихаты актілерінің; жеке қолданылатын құқықтық актілерінің; кадр және жер құқық қатынастарына қатысты ұйымдастыру-нұсқау беру мәселелері бойынша актілер жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуіне сараптама жасау. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, аппаратта құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру бойынша жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру. Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің норма шығармашылық және құқық қолданушылық қызметіне талдау жасау және талдау нәтижелері бойынша Алматы қаласының әкіміне оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізу. Шарттардың жобаларын дайындау. Аппараттың, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру. Сот тәжірибесі туралы есептерді талдау, сот талап арыздарын болдырмау және алдын алу бойынша ұсыныстар дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру мен насихаттауға қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 28.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.01.2026 – 02.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

04.02.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30