Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Психология
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Әлеуметтік жұмыс
- Бағалау
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілеті шегінде берілген, шешімдер мен тапсырмаларды және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарының орындалуын қамтамасыз етеді; Жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімінің, әлеуметтік қамқорлық бөлімінің, әлеуметтік төлемдерді үйлестіру бөлімінің және әлеуметтік интеграция бөлімінің, «Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығы» КММ, «Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ, «Қамқор» әлеуметтік үйі» КММ, «Алматы қаласының Отбасын қолдау орталығы» КММ және «Тәуелсіз өмір мектебі», «Жарқын өмір», «Іскер ісі», «Жаңа өмір», «Әлеуметтік интеграция орталығы», «Отбасын қолдау орталығы», «Бақытты отбасы», «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы және «Белсенді ұзақ өмір орталығы» әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмысын үйлестіріп, бақылау жасайды; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жетекшілік ететін бөлімдердің қызметін үйлестіреді және жүзеге асырады; халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; сенім білдірілген өкіл (агент)арқылы 35 жасқа дейінгі жастарға микрокредит беруді іске асыру бөлігінде кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; халықты жұмыспен қамтудың тұрақты деңгейін қамтамасыз ету және жұмыссыздықты төмендету жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеуге жәрдем көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде халықтың қаржылық сауаттылыққа үйренуі жөніндегі жұмысты үйлестіреді; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі адамдарға (жеке және заңды тұлғаларға) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын көрсету жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; халықтың әлеуметтік осал топтарын ынталандыру және масылдықты жою, сондай-ақ мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін іске асыру жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін сақтау арқылы мемлекеттік басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; әлеуметтік жәрдемақылар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; Алматы қаласы аудан әкімдіктері аппаратының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жәрдемақыларды тағайындау және төлеу мәселелері бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуі жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; әлеуметтік көмек көрсету арқылы қала тұрғындарының әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді; қарт жастағы адамдар арасында белсенді өмір салтын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді; әлеуметтік жағынан осал топтарға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған жекелеген азаматтар санатына кешенді көмек көрсетуді қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жобаларды енгізу және іске асыру жөніндегі жұмысты бақылауды жүзеге асырады; Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттары арқылы мемлекеттік наградалар – «Алтын алқа» және/немесе «Күміс алқа» алуға құжаттарды ресімдеу тетігін үйлестіру бойынша жұмысты үйлестіреді; әлеуметтік үйде жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектерге, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы жалғызбасты ерлі-зайыптылар мен отбасыларға әлеуметтік қызмет көрсетуді үйлестіру және бақылауды жүзеге асырады; қызмет алушылардың әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін іске асыруды қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады; үкіметтік емес сектор арқылы көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асырады; Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы, Басқарма ұсынатын қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша мониторинг жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді; жетекшілік ететін бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады және басқармамен жасалатын шарттардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру мерзімдерінің және сапасының мониторингін бақылауды жүзеге асырады; Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментімен, Алматы қаласы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласының аудандық әкімі аппараттарымен жұмыс барысы бойынша бірлесе жұмыс жасайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 30.01.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30