Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

511191

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-3, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Филология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Статистика
  • Қоғамдық байланыс
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму
  • Еңбек ресурстарын басқару

Функционалды міндеттер

Аудан әкімі аппаратының қызметтеріне жалпы басшылық жасауға және аппарат бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелердің және аудан әкімінің веб- сайт қызметтерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді. Аппараттың ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жұмысының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және көріктендіру бөлімдерінің қызметіне тікелей басшылық жасайды. Аудан бойынша қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімшесінің қызметіне жетешілік етеді. Іс-жүргізу және құпия құжаттармен жұмыстың орындалуын қамтамасыз етеді, жергілікті мемлекеттік басқару сұрақтары бойынша заңдылықтың және нормативтік актілердің орындалуы бойынша атқарушы органдар жүйесімен өзара тәжірибе жақсарту бойынша ұсыныс енгізеді

Аудан әкімінің кешенді көріктендіру және көгалдандыру мәселелері бойынша актілері мен тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету мәселелерін жүзеге асырады. Ауданның қоқыс шығаратын, ауданның көшелерін жинау, көріктендіру, көгалдандыру және көшелерді жарықтандыру қызметтерін көрсететін мердігерлік ұйымдар, ауданның көшелерді жинау, санитарлық жағдай және көріктендіру сұрақтары бойынша аудандық Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының жұмыстарын үйлестіреді. Аудан бойынша жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткелдерін күтіп ұстау жұмыстарына бақылау жүргізеді; Сайлау және референдум жұмыстарын ұйымдастырады және оның орындалуын бақылайды. Аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесуін өткізу іс- шараларын ұйымдастырылуын бақылайды. Өз құзыреті шегінде, Алматы қаласы әкімінің аппаратымен, Алматы қаласы Экономика және Қаржы басқармасымен, Экология департаментімен, Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасымен, Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Әділет департаментімен, Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментімен, Халыққа қызмет көрсету орталығымен, өз тарапынан жетекшілік ететін сұрақтар бойынша аудандық Полиция басқармасымен және басқа да мемлекеттік басқару органдарымен өзара байланыста болады. Әкім орынбасарларының міндеттерін өзара бөлу бойынша, аппарат туралы ереже бойынша, аппараттың құрылымы, аппараттың белгіленген штаттық санының шегінің штат кестесі, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына бөлінген қордан үстемеақы және қосымша төлемақылар төлеу бойынша ұсыныс енгізеді. Аудан әкімінің кадрлық саясатының жұмысын ұйымдастырады, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлерін, әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін тағайындау және атқарып отырған лауазымынан босату туралы ұсынысты оның қарауына енгізеді. Аппарат қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау және тәртіптік жазаға тарту туралы ұсыныс енгізеді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы мен Әдеп Кодексі нормаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Аппарат қызметкерлерінің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі, тәртіптік, «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалауын өткізу және бағалау жөніндегі комиссияларына және тәлімгерлер кеңесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жұмыстарының жүргізілуіне басшылық жасайды. Азаматтардың арыздары мен шағымдарын қарастырады және өз құзіреті шегінде оларға қабылдау жүргізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 14.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.01.2026 – 19.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

21.01.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30