Алматы қаласы әкімі аппаратының Идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
- Құқық
- Құқық және экономика негіздері
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық жасауды және үйлестіруді жүзеге асыру, бөлімге жүктелген функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды жүзеге асыру, бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін айқындау. Алматы қаласы Ішкі саясат, мәдениет, жастар саясаты, дін істері, спорт, білім басқармаларының құрылымын және қызметін ұйымдастыруды жақсарту және үздіксіз жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Қалалық жол карталарын, іс-шаралар жоспарларын, идеологиялық жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысты бағдарламаларды әзірлеу, Алматы қаласының идеологиялық жұмыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, Президенттің, Үкіметтің, қала әкімінің тапсырмаларын идеологиялық жұмыс саласы басқармаларының сапалы және уақтылы орындауына жүйелі мониторингті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға талдау жүргізу, идеологиялық жұмыс саласындағы мәселелер бойынша кейіннен тиімді жұмыс істеу үшін ұсынымдар әзірлеу, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларын және басқа да бағдарламалық құжаттарды түсіндіруді ұйымдастыру, хат-хабар бөліміне келіп түскен мерзімде қарау және орындау. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 14.01.2026
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30