Алматы қаласы әкімі аппаратының Бірыңғай персоналды басқару қызметінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 3 маусымға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Аппарат қызметкерлерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтауы бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу. Кадр мәселелері бойынша қала әкімі өкімдерінің, аппарат басшысы бұйрықтарының жобаларын әзірлеу. Кадр бойынша іс қағаздарын, оның ішінде «е-Қызмет» ақпараттық жүйесінде жүргізу. Бірыңғай конкурстық, тәртіптік комиссияларының, бағалау жөніндегі комиссиялардың және кадр бағыты бойынша өзге де комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру. Алматы қаласының ЖАО бос орындарға, кадрлардың ауысушылығына мониторинг жүргізу және персоналдың сапасын талдау. Талдау материалдарын дайындау. Мемлекеттік қызметке қабылдау, өткеру және тоқтату жұмысын инспекциялау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 05.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.01.2026 – 09.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

13.01.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30