Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Су ресурстары және суды пайдалану
  • Сәулет
  • Автоматтандыру және басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Аспап жасау
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу

Қосымша талаптар

өндіру, монтаждау, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша), сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау

Функционалды міндеттер

Өзіне сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өзіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жауапты болады. Сумен жабдықтау және су бұру бөлімінің, перспективалық даму бөлімінің мәселелеріне жетекшілік етеді. Алматы қаласы шегінде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыста мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді. Жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын құрылысқа (реконструкциялауға, кеңейтуге, жаңғыртуға, күрделі жөндеуге) жоспарланған объектілердің мониторингін, бюджеттік-инвестициялық жобалар (жобалау-сметалық құжаттама) бойынша құжаттаманы қарауды және бекітуді жүзеге асырады; халықты және басқа да мүдделі тараптарды жұмыстарды жүргізудің басталу және аяқталу мерзімдері туралы алдын ала хабардар етуді қамтамасыз етеді, орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстардың көлемі мен сапасын тексереді;

Бюджет қаражатының уақтылы және ай сайын игерілуін бақылау;

Бюджеттік заңнаманың талаптарына сәйкес бюджеттік ұсыныстарды әзірлеу және беру;

Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспар әзірлеу;

«Электрондық үкімет» бюджеттік бағдарламаларын және «Аашық Үкімет «модулін» Ашық бюджеттер» компонентінде орналастыруға жауапты болады.

«Алматы Су» КМК, «ҚазТрансАймақ» АҚ (келісім бойынша) кәсіпорындарының қызметіне жетекшілік етеді; азаматтардың өтініштерін қарауға қатысады; жоғары тұрған органдарға ақпарат дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау бөлігінде бағдарламалық құжаттарда бекітілген нысаналы индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысады; жобалау алдындағы, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстары сатысында қажетті барлық рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз етеді; ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қадағалау кеңестеріне қатысады; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.12.2025 – 05.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

08.01.2026

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30