Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Инженерия және инженерлік іс
  • Көлік қызметтері
  • Сәулет
  • Автоматтандыру және басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

сумен жабдықтау және су бұру

Функционалды міндеттер

Аудан әкімі болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін жүзеге асыру. Алматы қаласы әкімінің және оның орынбасарларының қаулыларын, өкімдері мен хаттамалық тапсырмаларын, аудан әкімінің сәулет және қала құрылысы, энергетикалық кешен объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, жұмылдыру дайындығы, санитарлық тазарту мәселелері жөніндегі шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру аудан аумағын абаттандыру. Аудандық шаруашылықтың күзгі-қысқы кезеңін дайындау және өткізу бойынша штаб жұмысын ұйымдастыру (тұрғын үй қорын, білім беру, денсаулық сақтау объектілерін пайдалану және күтіп ұстау және т.б.). Тұрғын үй қорын, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беруге байланысты мәселелерді келісу. Инженерлік коммуникацияларға жөндеу жұмыстарын жүргізу. Қаланың сәулеттік келбетін бұзатын санкцияланбаған құрылыстың, қоршауларды, авариялық ғимараттарды бұзудың жолын кесуде жедел шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру. Коммуналдық меншіктегі сумен жабдықтау, кәріз, кәріз сорғы станциялары, газбен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру тарату желілерін жобалау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру. Коммуналдық шаруашылық, отын-энергетикалық кешен, коммуналдық қызметтерді жеткізушілер, ағымдағы және күрделі құрылыс, байланыс мәселелерімен айналысатын кәсіпорындар мен аудандық қызметтердің қызметін талдау және үйлестіру. Аяқталған жер жұмыстарын жүргізуге және қабылдауға арналған ордерді және тұрғын үй қорын, білім беру және денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беруге байланысты мәселелерді келісу. "Ескі тұрғын үй" қалалық бағдарламасын іске асыру бойынша басқармалармен бірлескен жұмыс жүргізу. Пқкк, тұрғын үй басқармасы және қаланың тұрғын үй инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, жөндеу жұмыстарына дайындық бойынша тұрғын үй қорын тексеруге қатысу және тұрғын үй қоры бойынша ақпарат жинауды жүзеге асырады. Жөндеу жұмыстарының барысына техникалық бақылауды жүзеге асыру. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік" бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу. Келіп түскен хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды және орындауды қамтамасыз ету, азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді. Құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру. Оған Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру. 2В нысанындағы актілерге және КС-3 нысанындағы анықтамаларға қол қою кезінде, олардың нақты орындалған жұмыстармен және жобалау-сметалық құжаттамамен толық сәйкестігін куәландырғаннан кейін, сондай-ақ мердігерлер барлық тиісті атқарушылық-техникалық құжаттамаларды ұсынғаннан кейін қол қоюға құқығы бар. Мердігерлерде олардың нақты орындалған жұмыстарға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін толық куәландырғаннан кейін жұмыстың қабылдануын қамтамасыз ету. 2В нысанындағы актілердің түпнұсқаларын және КС-3 нысанындағы анықтамаларды олар келіп түскен сәттен бастап мұрағатқа берілгенге дейін есепке алуды жүргізу жолымен, оларды қабылдау-беру актілерін жасау жолымен сақтауды қамтамасыз ету. Мердігерге төлемді жүзеге асыруға өтінім берген кезде "Қазынашылық Клиент" АЖ-ға қол қойылған 2В нысанды актілердің сканерленген форматын салуды қамтамасыз ету. Өнім берушілердің мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша шарттық міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі саясатқа сәйкес ұйымда ақпараттың қауіпсіздігін және қорғалуын бақылауды жүзеге асыру, алынған ақпаратқа қатысты қызметтік құпияны сақтау, ұйымда құпия ақпараттың таралуына кедергі келтіретін жағдайлар жасау. Электрондық мемлекеттік сатып алу конкурстық комиссиясының Төрағасы (жетекшілік ететін бағыттар бойынша). Өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша, сондай-ақ азаматтық қорғау, эвакуация саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 24.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

25.12.2025 – 29.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

31.12.2025

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30