Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 31 тамызға дейін оқу демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит

Функционалды міндеттер

Басқарманың қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған Стратегиялық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысу; қала әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Білім Министрлігі үшін талдамалық шолу материалдарын дайындау. Құзыреті шегінде білім беру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бюджетті игеру бөлігін орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды әзірлеу және олардың орындалуындағы бюджеттің игерілуіне бақылау жасау. Ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының бюджетін қалыптастыру және қаржыландыру бойынша ұсыныстар дайындау. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруды ұйымдастыру және бақылау. Қаланың білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оқушыларын әлеуметтік қолдау. Білім беру объектілерін салуға қатысу, сейсмикалық күшейту, күрделі жөндеу, материалдық- техникалық базаның жай-күйі мәселелеріне жетекшілік ету. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі жағдайына басшылық жасау және бақылау. Білім басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл, терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысын үйлестіру. Жоспарлау және болжау, бухгалтерлік есеп және есеп беру мәселелерін бақылау және басқару. Қаржы және экономикалық мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін талдау. Мемлекеттік жекешелік әріптестік мәселелері бойынша жұмысты үйлестіру.Басқарма басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.12.2025 – 25.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

29.12.2025

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30