Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары (негізгі қызметкердің 2026 жылғы 7 сәуірге дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512005

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Математика және статистика
  • Денсаулық сақтау
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Құқық (білім саласы)
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Экономикалық даму бөлімінің; сыртқы байланыс бөлімінің; заң бөлімінің; идеологиялық жұмыс бөлімінің; әлеуметтік даму бөлімінің қызметін үйлестіреді және жетекшілік етеді. Өз құзыреті шегінде Алматы қаласының әкімі мен әкімдігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша аппараттың қызметін бақылауды жүзеге асырады және оған басшылық жасайды; қала әкімінің тапсырмасы бойынша соттарда әкімдік пен қала әкімінің мүдделерін қорғауды, прокурорлық ден қою актілерін қарауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігі Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету; аудандар әкімдері аппараттарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және олардың жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша аппараттың қызметін бақылайды және басқарады; халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысты үйлестіреді; жетекшілік ететін мәселелер шегінде қаладағы ішкі саяси және экономикалық жағдайды, әкімшілік-аумақтық құрылымды зерделейді және талдайды, қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізеді, стратегиялық жоспарлауды, дамудың перспективалық бағыттарын болжауды және әзірлеуді жүзеге асырады. Алматы қаласы әкімдігі басшылығының шетелдік жұмыс сапарларының бағдарламаларын әзірлеу; Алматы қаласының Мәдениет күндерін, бизнес- семинарларды және басқа да ісшараларды өткізу арқылы жастар, іскерлік, ғылыми  және  мәдени  алмасуларды  ұйымдастыру;  инвестициялық, экономикалық, мәдени гуманитарлық, ғылыми-техникалық салалардағы әріптестікті нығайту және өзара тиімді жобалар жасасу, келіссөздерге қатысу, ұзақ мерзімді іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесу үшін халықаралық делегациялардың сапарларын ұйымдастыру; келісімшарттар бойынша келіссөздерге, серіктестер іздеуге және ұзақ мерзімді байланыстар орнатуға, Алматы қаласының тауарлары мен қызметтерін шетелде ілгерілетуге көмек көрсету; шет мемлекеттердің қалаларымен және қалалардың халықаралық бірлестіктерімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар мен іс-шаралар жоспарларының жобаларын әзірлеу; шет мемлекеттердің қалаларымен және қалалардың халықаралық бірлестіктерімен жұмыс шеңберінде қаланың даму саласында халықаралық тәжірибені енгізу бойынша талдау жүргізу және ұсыныстар енгізу бойынша жұмыстарын үйлестіреді. Өз құзыреті шегінде білім беру және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар ұйымдарының қызметін мониторингілеу және талдау жөніндегі аппараттың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.12.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.12.2025 – 22.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

24.12.2025

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30