Алматы қаласы әкімі аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
380392
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Денсаулық сақтау
- Гигиена және өндірісте еңбекті қорғау
- Қоғамдық қауіпсіздік
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлімнің жұмыс тәртібі мен стратегиясын айқындау, бөлімнің жұмысын жоспарлау, бөлім қызметкерлерінің арасында қызметтік міндеттерді бөлу, бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуын, сондай-ақ қызметкерлердің тапсырмалар мен лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау және үйлестіру. Алматы қаласының денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жұмыстарына қатысу, Алматы қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, әйелдерді экономикалық және саяси ілгерілету саласындағы даму бағдарламаларының көрсеткіштеріне қол жеткізуге мониторинг жүргізу, жайлы орта құру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі саясаттың іске асырылуын, Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің және квазимемлекеттік құрылымдарының Алматы қаласының денсаулық сақтау, әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту саласындағы қызметін үйлестіру. Әкімдік отырыстарын, кездесулерді, мәжілістерді, Алматы қаласының әкімі, әкімнің орынбасары өткізетін басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімінің, әкім орынбасарларының, әкім аппараты басшысының тапсырмаларын орындау бойынша анықтамаларды, ақпараттарды, талдамалық материалдарды дайындау барысында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, Президент Әкімшілігімен, Үкіметпен, Парламентпен, Алматы қаласының мәслихатымен, мемлекеттік органдармен, БАҚ-пен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының азаматтардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінен келіп түсетін азаматтардың өтініштері бойынша тапсырмаларын орындау мерзімдері мен сапасының сақталуын қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, олар бойынша жауаптар дайындау. Өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30