Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының Лифт, газ және қазандықтар құрылғыларын бақылау бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
327924
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Басқарманың қысқа, орта және ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын әзірлеу жөніндегі жұмысқа қатысады. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды басқарма басшылығының қарауына енгізеді. Бақылаудағы кәсіпорындарда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады. Лифт, газ, қазандық құрылғыларын қауіпсіз пайдалануды реттейтін нормалар мен талаптарды әзірлеу бойынша бақылауды жүзеге асырады. Коммуналдық-тұрмыстық объектілердің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қою және есептен шығару бойынша бақылауды жүзеге асырады. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде пайдаланылатын қауіпті техникалық құрылғылардың (жүк көтергіш механизмдердің, қысыммен жұмыс істейтін қазандар мен ыдыстардың, газ жабдықтары мен желілерінің) қауіпсіз пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады. Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілердегі авариялық жағдайлардың алдын алуға және алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша бақылауды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қауіпті техникалық құрылғылардың аварияларын тергеуге қатысады. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды, газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз техникалық пайдалану саласында бақылауды жүзеге асырады. Тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Құзыреті шегінде қауіпті техникалық құрылғыларға, газ-техникалық объектілерге және көтергіш құрылыстарға барады және тексеру жүргізеді. Заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің жол берілген бұзушылықтары анықталған кезде иелерінің қауіпті техникалық құрылғыларды, газ-техникалық объектілер мен құрылыстарды белгіленген мерзімдерде жоюы туралы ұйғарымдар шығаруы бойынша бақылауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізеді. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және өзге де көмек көрсетеді. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады. Тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асырады. Мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында сот органдарына талап қою құқығымен іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сот органдарында Басқарма мен жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіреді. Петицияларды қарайды. Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда Басқарма құзыретіне жататын құқықтық мәселелер бойынша Басқарма атынан түсініктемелер дайындайды. Басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде заңнамада көзделген тәртіппен сот органдарында және басқа ұйымдарда Басқарманың мүдделерін білдіреді. Басқарма әзірлейтін Қазақстан Республикасының құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, оның ішінде оларды басқарманың басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жағдайда келісуге қатысады. Азаматтарды қабылдауды жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 14.11.2025
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30