Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
512005
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Құқық және экономика негіздері
- Статистика
- Автоматтандыру және басқару
- Ақпараттық жүйелер
- Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)
- Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
- Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
Қосымша талаптар
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комиссиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
Әлеуметтік-экономикалық даму, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, көлік және байланыс, қызмет көрсету саласы мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің және қалалық мәслихаттың шешімдерінің, өкімдері мен қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспардың, мемлекеттік, аймақтық және қалалық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етеді. Шағын бизнесті, өнеркәсіпті, сауда және қызмет көрсетуді дамыту мен қолдау бағдарламаларының орындалуын ұйымдастырады. Әлеуметтік- экономикалық жоспарлар, бағдарламалар даярлау және іске асыру, жағымды инвестициялық жағдай жасау мәселелеріне жетекшілік етеді, заң бұзушылықтары үшін сауда нысандары қызметін тоқтату бойынша ұсыныс енгізеді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың индустриялдық-инновациялық дамуы бағдарламаларының іске асырылуы бойынша аудан кәсіпорындарының қызметіне талдау жүргізеді. Кәсіпкерлік, өнеркәсіп, көлік, байланыс салаларын және бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы бойынша әкім аппараты бөлімдерінің қызметін үйлестіреді және басшылықты жүзеге асырады. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар, Қаржы, Экономика, Қалалық мобилділік, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларымен Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер, тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен, Мемлекеттік мүлік бойынша Алматы қалалық аймақтық комитеті, аудандық полиция басқармасы, төтенше жағдайларда сауда мен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтермен, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен, қаржы институттарымен, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету саласы, көлік және байланыс кәсіпорындарымен, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарымен жетекшілік ететін мәселелер бойынша өзара байланысты жүзеге асырады. Алмалы аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша штабқа басшылық етеді. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу. Жетекшілік ететін мәселелер шегінде петицияларды қарастырады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу. Құзыры шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат- хабарларды уақытылы қаралуын қамтамасыз етеді және жеке азаматтардың қабылдауын жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелері бойынша аудан әкімінің ВЕБ-сайт жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер тізбесіне сәйкес құжаттардың сақталуын және іс жүргізуді қамтамасыз етеді. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- 14.11.2025
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30