Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас инспекторы (негізгі қызметкердің 2027 жылғы 1 ақпанға дейін бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне)

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

E-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Психология
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит
  • Мемлекеттік басқару
  • Медицина
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарын қабылдау, кеңес беру, ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу және кезек бойынша протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін жолдамаларын беру, протездік- ортопедтік құралдарын беру. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектердің құжаттардын қабылдау, кеңес беру, ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу және кезек бойынша қамтамасыз ету. Сурдо-техникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге өтініш берген мүгедектердің құжаттарын қабылдау, кеңес беру, ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу және сурдотехникалық, тифлотехникалық, гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектерді кезек бойынша қамтамасыз ету. Кресло-арбалар алу жөніндегі өтініш берген мүгедектердің құжаттарын қабылдап, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу және кезек бойынша қамтамасыз ету. Мүгедектерді санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз етуге кеңес беру, қабылдау, ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарын қабылдау, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мәліметтер жинақтап, есептер дайындау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 күнкөріс деңгейі, 3,4 АЕК, 7 АЕК, 12 АЕК, 20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдау, кеңес беру және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Алматы қаласы бойынша тұрғын үй жәрдемақысына кеңес беру, құжатттарды қабылдау. Газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке кеңес беру, құжат қабылдау және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. «Мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» жөнінде кеңес беру, құжатттарды қабылдау және ААЖ «Е-Собес» жүйесіне енгізу. Бірыңғай Ақпараттық Жүйе «Город» жүйесінен әлеуметтік көмек алушыларды тексеру. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 күнкөріс деңгейі, 3,4 АЕК,6,5 АЕК, 7 АЕК, 12 АЕК, 20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмекке өтініш берушілерге әлеуметтік көмек тағайындалғаны немесе бас тартылғаны туралы хабарлама беру. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек беру үшін учаскелік комиссия отырысына құжаттар мен материалдар дайындау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек беру үшін учаскелік комиссия отырысына хаттама дайындау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 күнкөріс деңгейі, 3,4 АЕК, 6,5 АЕК, 7 АЕК, 12 АЕК, 20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге төлемдерге қаржыландырудағы айлық тапсырыстарды өз уақытында және сапалы түрде орындау. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 күнкөріс деңгейі, 6,5 АЕК, 7 АЕК, 12 АЕК, 20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек төлемдерін өз уақытысында және сапалы түрде өткізу. АХАЖ, КазПочта мәліметтері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына 2 күнкөріс деңгейі, 3,4 АЕК, 6,5 АЕК, 7 АЕК, 12 АЕК, 20 АЕК, 50 АЕК, 200 АЕК көлемінде көрсетілетін әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедек балаларға арналған үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін және санаторлы-курорттық емделуге әлеуметтік көмек алушыларға салыстырулар жүргізу. Қайтыс болған, басқа жаққа кеткен әлеуметтік көмек алушылырды есептен шығару. Артық кеткен ақшаларды қайтаруды қамтамасыз ету. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беруге кеңес беру, құжат қабылдау және участкелік Комиссия қарауына құжаттарды дайындау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімін қабылдау. Өтініш беруші ұсынған құжаттардың толықтығын және дәйектілігін, ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтердің дәйектілігін тексеру. Таңдалған атаулы әлеуметтік көмек түрінің және жиынтық табысын есептеудің және Халықты жұмыспен қамту орталығы жүргізген адамның отбасының атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің дұрыстығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың, мәліметтердің толық еместігі және дәйексіздігі және атаулы әлеуметтік көмек түрін таңдау, жиынтық табысты есептеу және адамға отбасына атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін есептеу кезінде қателер табылған жағдайда ЭҚП немесе қағаз жеткізгіштегі құжаттар пакетін және электрондық шешім жобасын пысықтауға қайтару. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін учаскелік комиссия отырысына керекті құжаттарды дайындау және ұсыныстар беру. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оның тағайындаудан бас тарту туралы(себептерін көрсете отыра) шешім қабылдау. Ай сайын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тапсырыстарын, уақытылы және сапалы орындау. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ААЖ «Әлеуметтік көмек» бойынша төлеу. Жеке және заңды тұлғаларға дер кезінде сапалы кызмет көрсету және өтініштерін қадағалау. Мемлекеттік қызмет бойынша кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу, қадағалау. «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапаттауға ұсынылған көп балалы аналардың өтініші мен құжаттарын қабылдау, кеңес беру. Ақталған азаматтарға куәлік беруге кеңес беру, құжат қабылдау және Басқармаға жіберу. Жұмыс және демалыс кестелерін уақытылы тапсыру. Шаруашылық мақсатта берілген материалдар мен құралдардың нысаналы және орынды пайдаланылуын бақылау. Бөлімнің шаруашылық қызмет көрсетілуі мен санитарлық және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Мамандарды шаруашылық жағдайда кеңсе құралдары және заттарымен қамтамсыз ету. Коммуналдық қызметті жабдықтаушылармен келісімшарт жасалу жұмысына қатысу және тексеру актісін келісімшарт бойынша құрастыру. Бөлім территориясының жағдайын жабдықтау, тазарту жұмыстарын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, бөлімді және ғимарат алдын мерекелік безендіруді ұйымдастыру. Қолданыстағы заңдылықтың талаптарына сәйкес Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу жұмыс берушінің құжатарын тексеруге қадағалау жасау. ААЖ «Алматы қаласы жұмыспен қамту электронды карта» базасына жұмыспен қамту электронды картасын қалыптастырып, қалалық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру және жинақтау. Сенімхатта көрсетілген құзыреті шегінде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің алдын-ала және сот тергеулері барысында, сот отырыстарында аудан әкімінің атынан қатысады және аудан әкімінің мүддесін білдіреді. Қарастырылған сот істерінің қорытындысы бойынша талдау жасайды және жинақтайды, сондай-ақ, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде қажетті ұсыныстар дайындайды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің сақталуын қадағалау жөніндегі жұмысты іске асырады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жауап береді. Мекеменің ақпараттық қауіпсіздік саясатына сәйкес, ақпаратты қорғау шараларын сақтауды, құпия ақпаратты таратпау үшін қызметтік мақсатта тек рұқсат етілген пошта қызметтерін пайдалануды қамтамасыз ету.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2025 – 28.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу күні

30.10.2025

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30