Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Денсаулық сақтау
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Басқарманың және оған бағынышты медициналық ұйымдардың жоспарлы- экономикалық, қаржылық, мемлекеттік сатып алу және әкімшілік-құқықтық жұмыстарын мониторинглеу және үйлестіру. Бюджетті болжау және жоспарлауға тәлімгерлік ету, қаржылық қаражаттарды тиімді пайдалануды үйлестіру, денсаулық сақтау бағдарламалары бойынша мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және медициналық ұйымдарда мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамалардың орындалуын үйлестіру; денсаулық сақтау мекемелері мен кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық- бюджеттік саясатты жүргізу, бюджеттік қаражаттарды медициналық мекемелер мен кәсіпорындар арасында бөлу бойынша міндеттерді жүзеге асыру. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру. Кеңсе жұмысын жүргізуді үйлестіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың, тұрғын үй мәселелерінің сақталуын, Басқарманың және оның бағыныстағы медициналық ұйымдарының материалдық- техникалық жабдықталуын үйлестіру.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30