Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Жерге орналастыру
- Сәулет
- Автоматтандыру және басқару
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
- Құрылыс
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Инженерлік жүйелер және желілер
- Техникалық ғылымдар және технологиялар
- Электрмен жабдықтау
- Инженер-электрик
- Электрмен жабдықтау және электрлендіру
- Электр энергетикалық жүйелер мен желілер
Қосымша талаптар
жылыту-газбен жабдықтау және жеделдету, электр жүйелерін автоматтандырылған басқару, электр қондырғыларын автоматтандыру, электр энергиясын өндіру мен таратуды автоматтандыру, жылумен-газбен жабдықтау және ауа баптау, инженер, сумен жабдықтау, кәріз, су қорын ұтымды пайдалану және қорғау, газбен жабдықтау, автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу және пайдалану, автомобиль жолдары, сумен жабдықтау және кәріз, жылу-энергетикалық процестерді автоматтандыру, автомобиль жолдары мен аэродромдар салу, коммуналдық құрылыс және шаруашылық, сумен жабдықтау, кәріз, су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау, қалалық қатынас жолдарын салу және пайдалану
А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, D-R-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір тақырыпқа екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясының хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссе жазуға 45 минуттан аспайтын уақыт беріледі.
Функционалды міндеттер
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес белгіленген негізгі міндеттер. Қазақстан Республикасы Заңдарына, Президент бұйрықтарына, ҚР Үкіметінің жарлықтарының уақытылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, көріктендіру, құрылыс, аудан аумағын санитарлық тазалау және күтіп ұстау, өрт қауіпсіздігі тұрғын- үй қорын пайдалануға беру, инженерлік коммуникацияларды дамыту, жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімінің және қалалық Мәслихаттың жарғыларының және шешімдерінің, өкімдерінің, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, инженерлік және жол инфрақұрылымы, көріктендіру, қоршаған ортаны қорғау және экология салалары бойынша бөлімдердің қызметін үйлестіреді және басқарады. Ауданды кешенді көріктендіру және көгалдандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар мен іс-шаралардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады. Энергетика, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, өрт қауіпсіздігі мекемелерінің қызметін үйлестіруді, өмірлік қолдау саласындағы, экологиялық талаптарды ұстану жұмыстарын ұйымдастыру бойынша қалалық және аудандық бағдарламаларды үйлестіруді жүзеге асырады. ПИК қатысуымен тұрғын-үй қатынастарын одан әрі жетілдіру, тұрғын-үй қорын қамсыздандыру және пайдалану тәжірибесін жақсартуды қамтамасыз етеді. Төтенше жағдайлар бойынша комиссияға басшылық етеді. Төтенше жағдайлар, табиғи апаттардың салдарын жою жұмыстарын ұйымдастырады. Құзыреттілігі шегінде азаматтардың өтініштерін, петицияларды қарайды және азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс- шараларды жүргізу. Қолданыстағы нормативтік құжаттарға және бекітілген істер номенклатурасына сәйкес құжаттардың сақталуына және іс жүргізілуіне жауапты. Мемлекеттік меншіктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырып отырады. Ішкі еңбек тәртібі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30