Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық қызмет және мониторинг, талдау, цифрландыру және мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы
Алматы қаласының әкімдігі
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Бөлім жұмысына басшылық етеді және бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін бөліп береді; КТМКК және МӘМС аясында медициналық ұйымдарда тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асырады; АМСК дамытуға, емхана жүйесінің медициналық-әлеуметтік бағытына басымдық бере отырып, тұрғындарды медициналық-профилактикалық көмекпен максималды қамтуға, емдеу көмегін дер кезінде көрсетуді есепке ала отырып стационарлық көмек және АМСК қызметінің жұмысын жоспарлайды және үйлестіреді; Сырқаттылық пен өлімге ай сайын талдау жасайды, өлім көрсеткішіне әсер ететін факторларды анықтайды және жояды, медициналық көмек көлемі мен сапасына сараптама жүргізеді, АМСК және стационарлық қызмет жұмысына озық әдістерді енгізеді; Мемлекеттік бағдарламаларды, қаланың денсаулық сақтау саласын дамытудың ағымдық және перспективалық стратегиялық жоспарларын, Алматы қаласын дамыту Бағдарламасын, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын дайындауға және орындалуына мониторинг жасауға қатысады және ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің, әкімдіктің қадағалау құжаттарының орындалу жұмысына ұйымдастырады және қатысады; Басқарма коллегиясының жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру, коллегия қаулысының орындаулын қадағалау, жалпықалалық жұмыс мәжілісін дайындауды қадағалайды және өткізеді; Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен есеп беру нысандары аясында статистикалық ақпараттарға талдау жасайды; Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жұмысын ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді; Ақпараттық жүйені дамыту бойынша жұмыстарды жүргізеді; Басқарма коллегиясының қаулылары мен бұйрықтарының жобаларына сараптама жүргізеді; Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының және қала әкімдігінің веб-сайтына материалдар, азаматтардан түскен өтінімдерге жауап дайындайды; Денсаулық сақтау саласы бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларымен жұмыс істейді, келісімге дайындайды, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді; Басқарма бұйрықтарын дайындауға және орындалуына қадағалау жасайды, Басқарманың аттестациялық комиссиясының жұмысына қатысады; Тұрғындарға профилактикалық, диагностикалық және емдеу- реабилитациялық көмек сапасын, кепілдемелі тегін медициналық көмек көлемінің сақталуы қадағалайды; КТМКК және МӘМС аясында мемлекеттік тапсырысты бөлуге, ары қарай орындалуын қадағалауға қатысады; Сапалы мемлекеттік қызмет көрсету және шынайы есеп беруге мониторинг жасау және дайындауға қатысады және ұйымдастырады; Медициналық ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізуді ұйымдастырады; Жоғарыда тұрған ұйымдарға, басқа мекемелерге есеп беру, талдамалық анықтамалар, ақпараттар беруді ұйымдастырады; Бөлім құзіретіне кіретін сұрақтар бойынша коллегия, комиссия, жұмыс топтарының жұмысына қатысады; Басқарманың емдеу-профилактикалық кеңесінің жұмысына қатысады; Медициналық ұйымдардың инновациялық жұмыстарының тиімділігіне мониторинг және бағалау жүргізеді. 23. Жоғарыда тұрған ұйымдарға, басқа мекемелерге және БАҚ есеп беру нысандарын, талдамалық анықтамаларды, ақпараттарды дайындайды және береді; Медициналық ұйымдар беретін талдамалық материалдардың дәлдігіне және сапасына бақылау жасайды, ауруханаға жатқызу Порталына бақылау жүргізеді; АМСК ұйымдарының Аймақтық шаралар жоспарын, оның ішінде мүгедектіктің алдын алу, мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалту шараларын орындау жұмысына мониторинг жасайды; Медицина ұйымдарының Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі бекіткен Жол карталарын орындау жұмысына мониторинг жасайды; Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тұлғаларға қатысты медициналық көмекті қамтамасыз етуді үйлестіреді; Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі тұлғаларға қатысты медициналық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізеді; Практикалық дәрігерлердің медициналық Конгресс, форум, съезд, семинарлар жұмысына қатысуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Бекітілген есеп беру нысандары аясында мемлекттік қызмет көрсету бойынша статистикалық ақпараттарға талдау жасайды; Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және бөлім өткізетін қоғамдық шаралараға қатысады; Медициналық көмек көрсету сұрақтары бойынша азаматтарды қабылдауды, хаттарды, өтініштер мен шағымдарды қарауды жүзеге асырады; Құрылымдық бөлімдердің шаттан тыс бас мамандарының жұмысына бақылау жасайды және оларға қажетті әдістемелік және ұйымдастыру көмектерін көрсетеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
konkurs_almaty@mail.ru
- Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)
-
8 (727) 225-19-30