Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

100000 - 1000000

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (білім беру саласы)
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (білім беру саласы)
  • Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс (білім беру саласы)
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде Алматы қаласы әкімдігі Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, петицияларды сапалы және уақтылы қарауды бақылау жөніндегі; өтініштерге контент-талдау жүргізу және тәуекел картасына жатқызылған өтініштерде көтерілетін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады және оған басшылық жасайды; Алматы қаласы әкімінің аппаратында жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды, оның ішінде қажет болған жағдайда жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісімен – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен бейнеконференцбайланыс форматында ұйымдастыру бойынша; Алматы қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Алматы қаласы әкімінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің өтініштерін қарау бойынша және тапсырмаларын іске асыру жөніндегі қызметіне бақылауды жүзеге асыру бойынша; құжаттармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін регламенттейтін құжаттарға сараптама жүргізу, олардың бөлімшелерде орындалу барысын олардың мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан бақылау; Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі күзет қызметін бақылау; құпия іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу, нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес құпиялылық режимін қамтамасыз ету; атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізу және аппарат басшысын ақпараттандыру бойынша; қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау бойынша қызметке басшылық етеді және бақылауды жүзеге асырады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2025 – 09.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30