Алматы қаласы спорт басқармасының Спорт бөлімінің басшысы

Мемлекеттік орган

Алматы қаласының әкімдігі

Аймақ

Алматы қаласы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327924

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бастапқы әскери дайындық
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Спорт менеджменті

Функционалды міндеттер

Бөлімнің жалпы жұмысына басшылық жасайды және спорттағы жоғары жетістіктердің дамуын, бұқаралық спорттың дамуын және олардың көрсеткіштерін толық бақылайды; құжаттардың сапалы және уақытымен орындалуын бақылайды, бөлімнің құзіретіне кіретін тапсырмаларды шешудің негізгі жолдарын, әдістерін анықтайды; бөлім қызметкерлерінің ішкі еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды, Басқарма басшысы қарауына бөлімге қатысты мәселелерді шешу жобаларын ұсынады. Басқарма басшысына бөлім қызметкерлерін көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді. Басқарма басшысы мен оның орынбасарының тапсырмаларының орындалуын қадағалайды. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының, мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің, олимпиадалық даярлау орталығының, спорттық клубтарының жұмысын бағыттайды; дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді және жүзеге асырады тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында спортты дамытуға және халықты сауықтыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене шынықтыру және спорт құралдарын құруға жағдай жасайды; қалада өткізілетін спорт түрлері бойынша қалалық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; спорт түрлері бойынша Алматы қаласы құрама командаларын жинақтау мен дайындауды жүзеге асырады және олардың Қазақстан Республикасының чемпионаттарына, Кубоктарына, біріншіліктеріне, кешенді іс-шараларға және де басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді Бөлімнің құзырына кіретін Басқарма басшысының басқа да тапсырмаларын орындайды. кезеңдеріне бақылау жасайды; Басқармаға бағынысты кәсіпорындардың нормативті-құқықтық құжаттарын әзірлейді немесе әзірлеуге қатысады; басқармада өткізілетін мемлекеттік сатып алу үшін қажетті ақпаратты ұсынады.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 12.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.08.2025 – 15.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 Мб

Сұхбаттасу орны

Алматы қаласы, Республика Алаңы 4 (онлайн режимінде ZOOM)

Анықтама алу үшін байланыс

8 (727) 225-19-30